- Advertisement -

Ұлы Жеңістің 78 жылдығына және Ардагерлер ұйымының құрылғанына 36 жыл толуына орай Жамбыл облысының ардагерлері арасындағы облыстық спартакиаданың ережесі

107

- Advertisement -

«Келiсемiн»
Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

____________ Е.Солтыбаев «___»_____________2023 жыл

«Бекiтемiн»
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы
______________ А.Ташметов «___»_____________ 2023 жыл

 

 Ұлы Жеңістің 78 жылдығына және Ардагерлер ұйымының құрылғанына 36 жыл толуына орай Жамбыл облысының ардагерлері арасындағы облыстық спартакиаданың

Е Р Е Ж Е С І

  1. Мақсаты мен мiндеттерi

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын орындау;

Жамбыл облысы ардагерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау;

Облыс ардагерлері спорттық іс-шараларға белсенді түрде қатысу арқылы жастарға үлгі-өнеге көрсетіп, тәлім-тәрбие беру;

Облыс ардагерлері арасында бұқаралық спортты дамыту;

ҰОС Жеңіс күнін мерекелеу.

  1. Спартакиада басшылығы

Спартакиадаға жалпы басшылықты Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі жүргізеді.

Жарысты тікелей өткізу Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығына, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізілген конкурста жеңімпаз атанған үкіметтік емес ұйымға және бекiтілген әр спорт түрлерiнен төрешiлерге жүктеледi.

  1. Спартакиаданың өтетін уақыты мен орны

Спартакиада Тараз қаласы мен облыс аудандарында бекітілген Ережеге сәйкес өткізіледі.

Спартакиада екі кезеңнен өтеді.

І кезең: аудандық/қалалық кезең.

Мақсаты: аудандық, қалалық деңгейінде жеңімпаздарды анықтау.

2023 жылдың сәуір айының 28-не дейін барлық аудан және Тараз қаласының мекемелері, бастауыш ардагерлер ұйымдары арасында жеңімпаздар анықталып, аудан/қала құрама командалары жасақталуы тиіс.

Спартакиаданың алғашқы кезеңін өткізу Тараз қаласы мен аудан әкімдіктеріне жүктеледі.

Спартакиаданың алғашқы кезеңі жергілікті ұйымдастыру комитеті бекіткен ережеге сәйкес өткізіледі.

ІІ кезең: ақтық кезең.

Мақсаты: облыс деңгейінде жеңімпаздарды анықтау.

2022 жылдың 3 мамыр күні Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында өткізіледі.

Волейбол спорт түрі бойынша жарыстар 2 мамыр күні сағат 10:00-де басталады.

Волейболдан басқа спорт түрлері бойынша жарыстар 3 мамыр күні сағат 10:00-де басталады.

Мандат комиссиясы – 2 мамыр күні сағат 17.00-де Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында өткізіледі.

Спартакиаданың ақтық кезеңін өткізу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізілген конкурста жеңімпаз атанған үкіметтік емес ұйымға жүктеледі.

  1. Спартакиаданы өткізу шарты

Жарысқа ардагерлер командаларының тапсырыстары бойынша құрама командалар қатысады (тапсырыс парағын және денсаулығы туралы анықтама 01.05.2023 жылға дейін өткізу қажет).

Спартакиадаға қатысушылар жасы:

ерлер: 1960 жылы 05 мамырға дейін туған және одан үлкен;

әйелдер: 1962 жылы 06 мамырға дейін туған және одан үлкен.

Спартакиаданың ақтық кезеңіне Тараз қаласы мен әр ауданнан тек бір жасақталған команда қатыстырылады.

Спартакиадаға қатысушылар спорт түрлеріне қарай біркелкі спорттық киімде болуы тиіс.

Сонымен қатар, бір спортшы бір спорт түріне ғана қатыстырылады.

Барлық жарысқа қатысушылардың жеке куәлігі және дәрігерлік рұқсаты болуы қажет.

Жарыстардың кезеңдерін ұйымдастыруға және өткізуге жауаптылар жарыстарды өткізудің тәртібі мен қауіпсіздігін, қызмет көрсететін персоналды (мед.қызметкер, төрешілер) қамтамасыз етуі тиіс.

  1. Жеңiмпаздарды анықтау

Облыс ардагерлері арасындағы облыстық спартакиаданың қорытындысы бойынша:

  1. Спорт түрлері бойынша жекелей орындар анықталады.
  2. Жалпыкомандалық орындар анықталады. Жалпыкомандалық орындар 9 спорт түрінен (ерлер, әйелдер бөлек) қатысу нәтижелерінде жиналған ұпайлардың ең көп сомасы бойынша анықталады. Спорт түрлерінен спортшылар қатыспаған жағдайда аталған спорт түрінен командаға «0» ұпай беріледі.

Егер, екі немесе одан көп командалардың ұпай саны бірдей болған жағдайда волейбол спорт түрі бойынша алған орындарына қарай басымдық беріледі.

Волейбол спорт түрі бойынша ұпай есептеу кестесі

 Орын 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Ұпай 22 20 18 16 14 12 10 8 6 4 2

 

Жеке спорт түрлері бойынша ұпай есептеу

 Орын 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Ұпай 11 10 9 8 7 6 5 4 3 2 1

 

  1. Спартакиаданың бағдарламасы және командалар құрамы
қ/с Спорт түрлерi Қатысушылар Барлығы
Ерлер Әйелдер өкіл
1 Волейбол 10 1 11
2 Үстел теннисі 1 1 2
3 Дойбы 1 1 2
4 Ләңгі 1 1
5 Асық ату 1 1
6 Шахмат 1 1 2
7 Тоғызқұмалақ 1 1 2
8 Бильярд 1 1
9 Дартс 1 1 2
Жиыны: 18 5 1 24

 

Бағдарламада көрсетілген спорт түрлері бойынша жарыстар қолданыстағы ойын ережелеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өткізіледі.

ВОЛЕЙБОЛ

Команда құрамы – 11 адам: 10 спортшы (6 негізгі ойыншы, 4 алмастырушы ойыншы, 10 ер), 1 өкіл.

Жарыстар қолданыстағы Ережелерге сәйкес өткізіледі. Жарыстың өткізілу шарттары мен ойындар жүйесі төрешілердің алқа мәжілісі отырысында анықталады.

Барлық спортшылар біркелкі спорттық киімде болуы тиіс.

ҮСТЕЛ ТЕННИСІ

Спортшылар саны – 2 адам (1 ер, 1 әйел). Жарыстар қолданыстағы Ережелерге сәйкес өткізіледі. Жарыстың өткізілу шарттары мен ойындар жүйесі төрешілердің алқа мәжілісі отырысында анықталады.

ДОЙБЫ

Спортшылар саны – 2 адам (1 ер, 1 әйел). Жарыстар қолданыстағы Ережелерге сәйкес өткізіледі. Жарыстың өткізілу шарттары мен ойындар жүйесі төрешілердің алқа мәжілісі отырысында анықталады.

ЛӘҢГІ

Спортшылар саны – 1 спортшы (1 ер). Жарыстар қолданыстағы Ережелерге сәйкес өткізіледі. Жарыстың өткізілу шарттары мен ойындар жүйесі төрешілердің алқа мәжілісі отырысында анықталады.

АСЫҚ АТУ

Спортшылар саны – 1 спортшы (1 ер). Жарыстар қолданыстағы Ережелерге сәйкес өткізіледі. Жарыстың өткізілу шарттары мен ойындар жүйесі төрешілердің алқа мәжілісі отырысында анықталады.

ШАХМАТ

Спортшылар саны – 2 спортшы (1 ер, 1 әйел). Жарыстар қолданыстағы Ережелерге сәйкес өткізіледі. Жарыстың өткізілу шарттары мен ойындар жүйесі төрешілердің алқа мәжілісі отырысында анықталады.

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ

Спортшылар саны – 2 спортшы (1 ер, 1 әйел). Жарыстар қолданыстағы Ережелерге сәйкес өткізіледі. Жарыстың өткізілу шарттары мен ойындар жүйесі төрешілердің алқа мәжілісі отырысында анықталады.

БИЛЬЯРД

Спортшылар саны – 1 спортшы. Жарыстар қолданыстағы Ережелерге сәйкес өткізіледі. Жарыстың өткізілу шарттары мен ойындар жүйесі төрешілердің алқа мәжілісі отырысында анықталады.

ДАРТС

Спортшылар саны – 2 спортшы (1 ер, 1 әйел). Жарыстар қолданыстағы Ережелерге сәйкес өткізіледі. Жарыстың өткізілу шарттары мен ойындар жүйесі төрешілердің алқа мәжілісі отырысында анықталады.

  1. Тапсырыс

Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған Жамбыл облысының ардагерлері арасындағы облыстық спартакиадасына

ТАПСЫРЫС ПАРАҒЫ

 командасынан_________________________

/спорт түрi/

р /с

Т.А.Ә. (толығымен) Туған күні, айы, жылы Қызметі Жынысы Мекенжайы Дәрiгердiң рұқсаты
1
2

 

Мекеме бастығы: (мөрі) ___________________________________

(қолы) (Т.А.Ә.)

Команда жетекшiсi: ______________________________________ (қолы) (Т.А.Ә.)

Дәрiгер: ________________________________________________ (қолы) (Т.А.Ә.)

 

  1. Наразылық беру

Наразылықты бас төрешілер алқасына команда өкілі ойын аяқталғаннан кейін 30 минуттан кешіктірмей жазбаша түрде береді.

Төрешілер алқасы наразылықты ол берілгеннен кейін 1 сағат ішінде қарайды және тексеру нәтижесін өтініш берушіге жазбаша түрде хабарлайды.

Командаларды жасақтау ережелерінің бұзылғаны, дұрыс ресімделмеген өтінім расталған жағдайда, бұл команда алған орны есептелмейді және жарыстан шығарылады, құрама команда өкілінің теріс қылығы туралы жергілікті әкімдіктерге хабарланады.

  1. Шығындар

Жарысқа қатысушылардың іссапар шығындары (жолақысы, тамағы, жататын орны) жіберуші мекеме есебінен.

Жарысты ұйымдастырып, өткiзу, спорттық ғимараттарын, баспа тауарларын, баннер, төрешілер ақысы, кубок, медаль, диплом даярлау, командаларға берілетін ақшалай сыйлықтармен қамтамасыз ету мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізілген конкурста жеңімпаз атанған үкіметтік емес ұйым есебінен.

  1. Марапаттау

І кезең жеңімпаздары мен жүлдегерлерін (кубоктар, дипломдар, медальдар және т. б.) тиісті аудан/қала әкімдіктері марапаттайды.

ІІ кезеңде спорт түрлері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дәрежелі медальдармен және дипломдармен марапатталады.

Командалық есепте І, ІІ және ІІІ орын иегерлері тиісті дәрежелі кубоктармен және дипломдармен марапатталады.

Сонымен қатар, І, ІІ, ІІІ, ІV, V және VІ орын иеленген командалар ақшалай сыйлықтармен және «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы аясында ынталандыру сыйлықтарымен (ақшалай) марапатталады.

Ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы.

Анықтама телефондары: (87262) 54-60-07, 54-06-41.

 

 

 

 

 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support