- Advertisement -

«Парасат жолы – адалдық жолы» атты брейн-ринг интеллектуалды ойыны өтті

202

- Advertisement -

31 наурыз күні Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Саналық ұрпақ» жобасы аясында студент жастардың ақыл-ой тапқырлығы мен жылдамдығын бақылау және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Парасат жолы – адалдық жолы» атты брейн-ринг интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. 

Ойынға колледждің түрлі факультеттерінен «Stopcor», «Cherry blossom», «Жалын» және «Wi-Fi» топтары қатысып, «Әділетті Қазақстан», «Қазақстан тарихы», «Кино әлемі», «Сазды әуен» бағыттарындағы түрлі сұрақтар мен ситуациялық жағдайларға жауап берді.

Аталмыш байқауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Ажибаев пен колледж директорының құқық жөніндегі орынбасары, комплаенс-офицер Ұ.Жумадилова төрелік етіп, әділ бағаларын берді.

Интеллектуалды ойын қорытындысы бойынша «Stopcor» командасы жоғары ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Іс-шара соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support