- Advertisement -

«Парасатты тұлға – адал қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында TED-x форматында конференция өтті

138

- Advertisement -

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенттер үйінде «Парасатты тұлға – адал қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында Ted-x форматында конференция өтті. 

Конференция барысында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі (Өңірлік коммуникациялар қызметі)» КММ басшысы А.Садуақас қоғамда орын алатын тұрмыстық жемқорлықтың көбісі азаматтардың өз құқықтарын жетік білмеуінен екеніне тоқталып, жастарды құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығына тоқталып, жастарды сапалы білім алуға шақырды.

Екінші болып сөз алған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Ажибаев қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру бағытында департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы кешенді шаралар туралы кеңінен айтып, адал әрі сапалы білім алудың маңыздылығына тоқталып өтті.

Үшінші болып сөйлеген Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенттік парламент төрағасы Д.Мұратов өз кезегінде университетте жастарды белсенді болуға, білім мен қатар қоғамдық іс-шаралар мен түрлі конкурстарға қатысып, мүмкіндікті барынша пайдаланып, білімін жан-жақты жетілдірудің болашақ мамандар үшін маңызды екенін жеткізді.

Конференцияны қорытындылаған Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Тәрбие және жастар саясаты басқармасы» басшысы С.Берікқожа өз сөзінде жетістікке жетудің жолдарымен бөлісіп, жастарды белсенді болуға, қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Саналы ұрпақ» клубы аясында өткізілетін қоғамдық іс-шараларға қатысып, білімін жан-жақты жетілдірудің маңызды жақтарын айтып өтті.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support