- Advertisement -

Таразда ағаш көшеттері егіліп, қоқыстар тазалануда

119

- Advertisement -

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында көктемгі көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстары, санитарлық-тазалық жұмыстары жалғасуда.

Айталық, өткен сенбіде Тараз қаласының барлық округінде мекеме-ұйым қызметкерлері мен қала тұрғындарының қатысуымен ауқымды сенбілік өтті.

Сонымен қатар «Жасыл ел-Тараз» мамандары, округ тұрғындары Әйтиев көшесіне, яғни Төле би даңғылынан Қонаев көшесіне дейінгі аралыққа 136 түп шаған (ясень), 58 түп қарағай, 130 түп туя, барлығы 324 түп тал-дарақ көшеттерін отырғызды.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін көне шаһарда төрт мыңнан аса түрлі ағаш, екі мың түп жеміс көшеті егілді.

Игілікті шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support