- Advertisement -

Қылмыс хроникасы: 10 қылмыстың ізі суымай ашылды

96

- Advertisement -

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында жамбылдық полицейлер 1 мыңнан аса құқық бұзушылық дерегін тіркеді. Бұл күндері 200-ден астам азамат тіркеусіз тұрғаны үшін жауапкершілікке тартылып, көші-қон заңнамасын бұзудың 60-тан астам дерегі анықталған. Сондай-ақ, шара аясында 15 қылмыстың 10-ы ізі суымай ашылып отыр.

Облыс аумағында жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көлік басқарған 12 мас жүргізушіні анықтады. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, олардың барлығы масаң күйде екені белгілі болған. Оларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Атап өтерлігі, осы баптың санкциясы 15 тәулікке қамауға алуды және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын қарастырады.

Жалпы, полиция қызметкерлері жедел алдын алу шарасы барысында саяжай алқаптарын, қараусыз қалған және құрылысы тоқтатылған нысандарды, сондай-ақ, үй шатырлары және жертөле жайларын тексерген. Бұдан бөлек, базарлар мен басқа да сауда орындарына, қолайсыз отбасыларға, жастар мен кәмелетке толмағандардың көп шоғырланатын орындарына тексеру жұмыстары жүргізілген.

 

Есен ӨТЕУЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support