- Advertisement -

Көлік ұрлаған тараздық құрықталды

202

- Advertisement -

Тараз қалалық полиция басқармасына шаһар тұрғыны хабарласып, белгісіз тұлға шағынаудандағы үй маңында орналасқан автотұрақтан ақ түсті «Тойота Альфард» автокөлігін айдап кеткені туралы шағымданған. Тәртіп сақшылары аталған дерекке сәйкес бірден іске кірісіп, жедел алдын алу шараларын жүзеге асырады.

Нәтижесінде, Талас ауданының орталығы Қаратау қаласындағы көшелердің бірінен тараздық азамат құрықталды. Бүгінде 29 жастағы жігіттің бұрын сотты болғаны анықталып отыр. Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің 200-бабының 1-бөлігімен (автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иемденіп алу, айдап әкету) сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізілуде.

Атап өткен жөн, облыстық полиция департаменті тұрғындарға автокөліктерін үй аулаларына, автотұрақтарға қалдырған кезде күзет қызметіне мұқият болуды, қараңғы жерлерде ұзақ уақытқа қоймауды және құжаттар мен құнды заттарды көлік ішіне сақтамауды ескертеді.

 

Есен ӨТЕУЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support