- Advertisement -

Шынын айтқан шаруа

107

- Advertisement -

Ертеректе алыс ауылдың бірінде адал еңбекпен күнелткен шаруа кісінің әйелі жалғыз сиырының сүтінен сарымай жасап, жақын жердегі дүкенге апарып өткізіп жүреді. Дүкенші оны басқаларға сатып, үстінен пайдасын көреді екен. Соның өзінде пайда көріп дағдыланған дүкеншінің көңілі көншімепті. «Осы мені алдап жүрген жоқ па?» деген ой көңіліне келе беріпті. Содан бір күні әлгі сарымайды өлшеп көрсе, бір кило деп сатып алғаны 900 грамм ғана болып шығады. Бұл жағдайға әбден ашуланған дүкенші жылдам шаруаны шақыртып алыпты.

«Мені талай уақыттан бері алдап жүр екенсің. Бір кило деп өткізген майың 100 грамм кем шықты. Мен ешкімнің өзімді ақымақ етуіне жол бермеймін. Бұған не дейсің?», депті. Сонда есі шығып, өңі бұзылып кеткен шаруа «Кешіріңіз, мырзам, біздің үйде таразы жоқ еді. Сізден сатып алған бір кило қантымыз бар. Сонымен теңестіріп жасап жүрміз», – деп ағынан жарылып, шынын айтыпты. Сонда ашуланып тұрған дүкенші өз ісіне ұялып, ниеті адал шаруаның алдында ештеңе айта алмай қалыпты.

Бұл тәмсіл өзгелерге жасаған қылдай қиянаттың да алдымыздан шығатынын ескертеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support