- Advertisement -

Киіз үй тәрізді шырағдан

289

- Advertisement -

Бұл шырағданды бабаларымызға пана болған киіз үйдің кішірейтілген үлгісі дерсің. Сыртқы пішіні, есігі, үш рет қоршап тұратын сыртқы белдеу арқандары, кереге, жоғарыдағы түңліктің ашылуына дейін ұқсайды. Қыштан жасалғандықтан, түсі сарғыш қоңыр.

Биіктігі 14 сантиметр, түбінің диаметрі 18 сантиметр. Ежелгі Тараз қалашығының ІХ-Х ғасырларға жататын қабатынан табылған. Шырағданның ішкі қабырғаларында қырман іздері бар. Бұл заттың тұрмыста қалай пайдаланылғаны жөнінде ғалымдардың пікірі әртүрлі.

Бірі көшпенділер отбасының ошағын сақтайтын діни атрибут деп қарастырса, кейбірі шамның қызметін атқарған көне зат деп топшылайды. Қалай десек те он екі ғасырдан бергі аралықты жалғап тұрған бағалы жәдігер осы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support