- Advertisement -

Сайлаушылармен кездесу өткізді

28

- Advertisement -

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевтың Орал қаласындағы үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр. Оппозиция өкілі қаладағы Гагарин атындағы кинотеатрда сайлаушылармен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында кандидат жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі қаулылары жөнінде айтып берді. Жекелей алғанда, кандидат сыртқы саясат мәселелеріне келгенде Қазақстан әскери блоктарға қатыспайтын, қолдамайтын мемлекет ретінде берік позициясын сақтауы керек деп есептейді. Бұл бүгінгі күні орын алып отырған геосаяси жағдайда өте өзекті.

Әуесбаевтың пікірінше, басқа мемлекеттер біздің есебімізден байып, адал бәсекелестік шарттарын бұзып, өз өндірушілерінің қызығушылықтарын қорғайтын жағдайларда қатаң ойын ережелерін орнату керек. Кандидаттың пайымдауынша, стратегиялық салаларда Қазақстан протекционизм позициясын ұстану қажет.

Жиынға байқаушылар да қатысып, науқанға дайындық жайын сұрады. Бұдан бөлек, кандидатқа сайлауалды бағдарламасы бойынша бірқатар сауал жолданды.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support