- Advertisement -

Сайлау алдындағы бастамаларды талқылады

43

- Advertisement -

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді.

Штаб мүшелері «Петерфельд Агро» өндіріс базасында шаруалармен және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті. Іс-шара барысында кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасында көрсетілген алдағы жеті жылда ауыл шаруашылығын дамытуға арналған шаралар талқыланды. Сондай-ақ РҚШ мүшелері Бескөл ауылында жұртшылықпен кездесіп, өңірлердің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі сайлау алдындағы бастамаларды талқылады. Петропавл қаласындағы университетте өткен кездесуде штаб мүшелері еліміздің барлық жас азаматын өз қабілетін толық жүзеге асыруы үшін әлеуметтік-экономикалық тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге қатысты сайлау алдындағы бастамаға назар аударды.

Тоқаевтың жақтастары С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада жергілікті сарапшылармен, одан бөлек, қағаз өнімдерін өндіретін «Raduga KDR» компаниясының және «Alageum Electric» электротехникалық зауытының ұжымдарымен кездесулер өткізді.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support