- Advertisement -

Жалақының аздығы айтылды

43

- Advertisement -

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Қазақстанның өңірлерін аралап, халықпен кездесуін жалғастыруда. Бұл жолы ол Қостанай қаласындағы №4 емхана ұжымымен кездесу өткізді.

Емхананы аралау барысында үміткер тек медицина қызметкерлерімен ғана емес, науқастармен де тілдесті. Науқастардың бірі дәрі-дәрмек бағасының қымбаттығын, тағы бірі ауруханаға қаралуға жазылудың қиын екенін айтты.

Дәрігерлер де емдеу мекемелеріндегі түйткілді мәселелерді жеткізді. «Дәрігерлер, әсіресе кәсіби мамандар тапшылығы бар. Жалақы өте аз. Біз пациенттердің жағымсыз қарым-қатынасын да үнемі басымыздан өткіземіз. Жеке клиникаларда жағдай әлдеқайда жақсы», – деді дәрігерлердің бірі.

Құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекова мемлекет пен халық ынтымақтаса жұмыс істеу керектігін баса айтты. Үміткердің пайымынша, дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне жақсылап еңбек жағдайын жасау керек, өйткені азаматтарымыздың өмірі осы мамандарымызға тікелей байланысты.

– Мұның бәрі жүйенің қалай дұрыс құрылатынына байланысты, – деді С.Тұрсынбекова.

 

 

 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support