- Advertisement -

ҚАЖ қызметкерлері қан тапсырды

50

- Advertisement -

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің қызметкерлері ауыр науқастарға және жол көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету мақсатында қан тапсырды. Бұл күні облыстық қан орталығына мекеменің басшы және жеке құрам өкілдері барлығы дерлік келді.

— Донор болу — қанға мұқтаж адамдарға барынша көмек көрсетіп, өмірлерін сақтап қалу деген сөз. Осы мақсатта біз, ҚАЖ қызметкерлері қан тапсырдық. Қала тұрғындарын донор болуға әрі қан тапсырып, адам өмірін құтқарып қалуға атсалысуға шақырамыз, — деді мекеме бастығы әділет подполковнигі Нұржан Кузембаев.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support