- Advertisement -

Қызметкерлердің жалақысын санатына қарай 40-тан 70%-ға дейін көтеру мәселесі пысықталды — Юрий Ильин

88

- Advertisement -

Юрий Ильин Жетiсу облысындағы ТЖМ бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесті.

ТЖ министрі Юрий Ильин Жетісу облысының тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік пакетін жақсарту жөніндегі жұмыстардың жалғастырылып жатқаны туралы айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, қазір әлеуметтік тұрғыдан біздің қызметкерлер аз қорғалған, бұл тұрғын үй төлемдерінің, қызметкерлерді ауыстыру және жоғарылату кезінде көтерме жәрдемақылардың, жауынгерлік іс-қимылдарға жақын жағдайларда жұмыс істегені үшін үстемеақылардың болмауы», — деді Министр.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет қызметкерлердің жалақысын санатына қарай 40-тан 70%-ға дейін көтеру мәселесін пысықтады.

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік пакетін жақсарту және Министрлік бөлімшелерін материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша жұмыс жалғасуда.

Сонымен қатар, осы кездесу барысында адамдарды құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, батырлығы мен жанқиярлығы, жоғары қырағылығы, тапқырлығы және азаматтық белсенділігі үшін, соның нәтижесінде адамдармен жазатайым оқиғалардың алдын алған, өрт кезінде екі баланы құтқарған Айдос Құрмантайұлы Сағынтаев министрдің қолынан «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалін алды. Сонымен қатар, Жетісу облысы Полиция департаментінің арнайы жедел ден қою жасағының екі инспекторы полиция капитаны Ермек Қаршығаұлы Асатпаев және полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Жұмабайұлы Оразалиев, Талдықорған қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары полиция лейтенанттары Бекжан Мәжитұлы Билялов және Сырым Марланұлы Құмархан алғыс хаттармен марапатталды.

Сарқан қаласы №12 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Тілеужанов Еділ Арманұлы Қазақстан Республикасы ТЖМ грамотасымен марапатталды.

Өскелең ұрпақ арасында «Құтқарушы» мамандығының имиджін арттыруға қосқан үлесі, оқудағы жетістіктері және мектептің қоғамдық, спорттық және мәдени өміріне белсенді қатысқаны үшін Жансүгіров ауылындағы Сыдықов атындағы орта мектептің «Жас өрт сөндіруші» кадет сыныбының оқушылары Министрдің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support