- Advertisement -

Ел әскері – айбынымыз

43

- Advertisement -

Республика күніне орай Тараз қалалық мәдениет үйінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы жеке құрамының салтанатты жиыны өтті. Шараға облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Мереке Күшекбаев қатысты.

Жиналғандарға алдымен Республика күні мерекесінің маңыздылығы мен тарихына қатысты шағын бейнеролик көрсетілді.

Аймақ басшысы қатысушыларды мерекемен құттықтап, Қарулы күш қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.

– Баршаңызды елдіктің еңселі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн–дербестіктің, егемендіктің символы. Ұлтымыздың еңсесін көтеріп, рухын асқақтатқан ең құнды мереке. Ата-бабаларымыз ұлт тағдыры үшін, азаттық үшін аянбай күресті. Осы бір қастерлі құндылыққа ұмтылу, күресу – тәуелсіздігіміздің тарихи бастауы болып, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданып, еліміз тәуелсіздік алуға алғашқы қадамын жасады.

Осылайша, ұлт мұраты – Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ен даланы еркін жайлаған бабаларымыздың аңсауы, бүгінгі Алаш ұрпағының арманы орындалды. Конституциямыз қабылданып, мемлекеттік Туымыз бен Елтаңбамыз бекітілді. Шекарамыз айқындалып, Қарулы күштердің қорғаныс қабілеті нығайды. Ел әскері мемлекеттің егемендігімен аумақтың тұтастығын қамтамасыз етіп қана қоймай, заманауи, жоғары жарақтандырылған және ұтқыр әскерге айналды. Еліміз тыныш болса, береке мен бірлік орнайды, халық тыныш өмір сүреді, – дей келе Нұржан Нұржігітов бірқатар әскерилерді марапаттады.

Бұдан соң «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Мереке Күшекбаев және тағы да басқалар құттықтау сөз сөйлеп, марапаттарын табыстады.

Салтанатты жиын патриоттық сарындағы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support