- Advertisement -

Президент сайлауы: BAQYLA қозғалысы республика бойынша 6 мыңнан астам бақылаушы даярлайды

243

- Advertisement -

Елімізде 2022 жылдың 20 қарашасы күні өтетін кезектен тыс президенттік сайлауында елішілк тұрақтылық пен сайлау процедураларының қатаң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында еліміздің барлық аумағын қамтитын өңірлік штабы бар тәуелсіз бақылаушылардың BAQYLA қоғамдық қозғалысы құрылады.

Аумақтық бақылаушылар желісі жұмысы Алматы қаласындағы Орталық штаб пен еліміздің 26 қаласында орналасқан өңірлік штабтар арқылы жүргізіледі.

Қозғалыстың бақылаушылары еліміздің 26 ірі қаласында барлығы 3,2 мыңнан астам сайлау учаскесінде бақылайды.

«Сайлау процесіне белсенді қатысатын топтың бірі – бақылаушылар. Олардың сауатты жұмыс істеуі, бақылаудың барлық тәсілдерін терең меңгере білуі – Қазақ еліндегі сайлау жүйесінің жақсаруының бір кепілі. Менің міндетім – әрбір облыс, қалалардағы бақылаушыларды дайындайтын тренерлерді дайындауға арналған арнайы офлайн, мүмкіндік болса, онлайн  семинар-тренингтер жүргізу, сайлауды бақылау барысында туындаған сұрақтарға жауап беру», — дейді қозғалыс отырысына қатысқан спикер Дос Көшім.

BAQYLA қоғамдық қозғалысының баспасөз конференциясына қатысқан спикерлердің бірі Бақытжан Бұқарбай азаматтық қоғамды күшейту керектігін айтады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support