- Advertisement -

«Алқаптан — сөреге» жобасы жүзеге асуда

147

- Advertisement -

Ауданда аталған жоба аясында 96 азаматқа бақша өнімдерін егуге 36 гектар жер телімі беріліп, одан 630 тонна бақша өнімдері өндірілді. Ауыл тұрғындарының қажеттілігінен артылған өнімдер аудан тұрғындарына сатылуда.

Игі бастаманы қолдаушы Игілік ауылдық округінің «Алмас-К» шаруа қожалығының төрағасы Қ.Жүсіпәлиев тәжірибе ретінде Талас өзенінің арнасынан 8 гектарға бақша дақылдарын еккен болатын. Атап айтқанда, 4,5 гектар жерге картоп, 2 гектарға қауын-қарбыз бен асқабақ, 1,5 гектарға сәбіз еккен қожалық бүгінде жиналған өнімдерін аудан тұрғындарына өткеруде.

Мәселен, 1 гектар жерден 150 центнер картоп өнімі алынған. Енді «Алмас-К» шаруашылығы еккен картоп, сәбіз, басқа да бақша өнімдері арадағы делдалсыз ауыл тұрғындарына, сондай-ақ жәрмеңкеде облыс тұрғындарына арзандатылған бағамен сатылатын болады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support