- Advertisement -

Сайлауға селқос қарамайық

83

- Advertisement -

Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды. Ол алдағы саяси додада өзі де бақ сынауға дайын екенін жариялады.

Жаңа Қазақстан құруға бет алған еліміздің көшбасшысы «Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен жоғары. Сондықтан мен өзімнің өкілеттік мерзімімді қысқартып, кезектен тыс Президенттік сайлауға баруға дайынмын» деген болатын.

Президенттің күні бүгінге дейін атқарып жатқан оңды, игі істері жетерлік. Заңсыз сыртқа кеткен ақшаларды қайтару, жемқорлықпен күрес, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру сынды шаралар ұдайы атқарылып, ол өз жемісін беруде.

Жалпы Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанда жалпыхалықтық Президент сайлауы алты рет өтті: 1991, 1999, 2005, 2011, 2015 және 2019 жылы. Оның басым бөлігі кезектен тыс болды.

Осы орайда, барлық қазақстандықтарды алдағы саяси науқанға немкетті қарамай, президенттікке үміткерлердің өмірбаяндарымен жіті танысып, дұрыс шешім қабылдауға шақырамын. Біз дауыс беру арқылы болашағымызды жасап жатқанымызды ұмытпайық.

Әрине, қазақта Қасым-Жомарт Кемелұлынан басқа да ел басқаруға қабілетті азаматтар жетерлік. Тек солардың бірін таңдарда, елімізді көркейтіп, әл-ауқатымызды жақсартатын азаматты тани білсек екен деймін.

 

Әшен ҚЫРҒАБАҚОВ,

еңбек ардагері.
Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support