- Advertisement -

Әскерилер есірткі затын тәркіледі

80

- Advertisement -

ҚР Ұлттық ұланы Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшілері күдікті тұлғадан есірткі затын тапты.

Қала аумағындағы «Самал» ықшамауданында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін әскери жасақ күнделікті қызмет барысында күдік тудырған ер азаматты байқаған. Күдікті тәртіп сақшыларын көрген бойда ізін суытқысы келгенімен ұландықтар оны тоқтатып, жеке басын анықтау мақсатында полиция басқармасына жеткізеді.

Әскери жасақ бастығы қатардағы Достан Зульмураев патрульмен және учаскелік полиция инспекторының қатысуымен тексеру жүргізеді. Нәтежесінде күдіктінің қалтасынан целлофанға оралған өткір иісі бар жасыл түсті зат табылып, тәркіленді.

 

«Оңтүстік» Өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support