- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Білім күнімен құттықтады

49

- Advertisement -

Құрметті жамбылдықтар!

Қадірлі ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар!
Сіздерді бүгінгі жарқын мереке – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Саналы, салауатты жас ұрпақтың баянды болашағы мектеп табалдырығынан басталатыны анық. Келешегіміздің кемел, алдағы асар асуларымыздың айқын болуы бүлдіршіндеріміздің өздеріне керекті білім дәрежесін лайықты алып шығуына байланысты. Ол үшін ұстаздар мен ата-аналар қауымына зор сенім, үлкен жауапкершілік артылады.

Адам капиталын дамытудың негізі болып саналатын білім саласына облысымызда айрықша назар аударылып келеді. Биыл білім саласына 244 млрд.теңге бөлінді десек, бұл облыс бюджетінің 50 пайызынан асады. Саладағы инфрақұрылымды жетілдіре түсу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Ағымдағы жылы облысымызда 22 білім нысанының құрылысына қаржы қарастырылса, бұған дейін оның 6-ы пайдалануға беріліп үлгерді. Ал жаңа оқу жылының басталуымен тағы 6 мектептің жаңа ғимараты оқушыларға есігін айқара ашып отыр.

Бұдан бөлек, биыл 19 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтуде. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен 700,6 млн теңге бөлініп, жаңа үлгідегі кабинеттер жасақталуда.
Еліміздің ертеңгі абыройын асқақтату – ол біздің бүгінгі өреңдеріміздің мерейлі міндеті. Ал біздің басты мақсатымыз – сол оқушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау.
Баршаңызды бүгінгі жарқын мерекемен құттықтай отыра, балаларымыздың оқуда озат, үздік атанып, алдарынан үлкен өмірдің жарқын жолдары ашылсын деп тілеймін!

Ал ұстаздар қауымы мен ата-аналардың еліміздің болашағы өскелең ұрпақтың бойына ұлттық тәрбиені сіңіріп, білім нәрімен сусындатудағы қажырлы еңбектерінің елене беруіне ниеттеспін!
Жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жағымды жаңалықтарға толы болсын!

 

Нұржан Нұржігітов

Жамбыл облысының әкімі 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support