- Advertisement -

Жамбылда 6 жаңа мектеп пайдалануға берілді

83

- Advertisement -

Жамбыл облысында 1 қыркүйек – Білім күніне орай 6 жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді.

Жаңа оқу жылында облыстағы барлығы 447 мектепте 244 мыңнан аса оқушы білім алатын болады. Биыл 23 мыңға жуық жамбылдық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қабылданған.

Жалпы, өңірде адам капиталын дамытудың негізі болып саналатын білім саласына айрықша назар аударылуда. Ағымдағы жылы білім саласына 244,4 млрд.теңге бағытталды десек, бұл облыс бюджетінің 50 пайызынан асады. Саладағы инфрақұрылымды жетілдіре түсу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Атап айтар болсақ, ағымдағы жылы 22 білім нысанының құрылысына 7,6 млрд. теңге қаржы қарастырылып, бүгінге дейін оның 6-ы пайдалануға беріліп үлгерілген. Ал, жаңа оқу жылының басталуына орай тағы 6 жаңа мектеп оқушылар үшін есігін айқара ашып отыр. Олардың қатарында Тараз қаласындағы 600 орынды, Байзақ ауданы Сеңкібай ауылындағы 100 орынды,  Жамбыл ауданы Айша бибі аууылында 300 орынды, Жуалы ауданы Дихан ауылында 180 орынды және Алатау ауылында 100 орынды, Қордай ауданындағы Арал ауылында 180 орынды оқу ошақтары бар.

Жыл соңына дейін тағы төрт мектептің құрылысы толығымен аяқталады деп көзделсе,  ал, 6 нысанның құрылысы 2023 жылға өтпелі.

— Бұл жұмыстардың нәтижесінде, 2 үш ауысымды, 2 оқушы орын тапшылығы бар, 6 тозығы жеткен мектептің мәселесі шешіледі. Бұдан бөлек, 4,1 млрд. теңгеге 18 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтуде. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен 700,6 млн теңге бөлініп, жаңа үлгідегі кабинеттер жасақталуда,-дейді облыстық білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангөзов.

Басқарма басшысы өз сөзінде облыстағы мектепке дейінгі тәрбие беру бағыты бойынша да атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, 3-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 пайыз қамтылған.

2022 жылы қадамдық жоспарға сәйкес 2197 орындық 24 балабақша ашу жоспарланған. Жыл басынан жалпы 1600 орындықты құрайтын 12 балабақша пайдалану берілген.

Бүгінде облыстағы барлық білім беру ұйымдарында 100 пайыз бейнебақылау камералары орнатылған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support