- Advertisement -

Түзеу мекемесіндегі тұсаукесер

44

- Advertisement -

30-тамыз Конституция күні өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінде ерекше аталып өтілді. Бұл күні мекемедегі жазасын өтеушілер арасында түрлі спорттық-мәдени шаралар кеңінен ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, сотталған азаматтар мекеменің алаңқайында ұйымдастырылған «Тұсаукесер» рәсімін тамашалап, балақайдың қадамына құтты болсын айтты. Осылайша, жазасын өтеушілердің Ата Заң мерекесіне деген ерекше құрметін, ықыласын оятуда мұндай шараның маңыздылығы тағы да арта түсті.

Ерекше тоқталатын бір жайт, аталған балақай қоныс колониясында дүние есігін ашқан. Бүгінде нәрестенің денсаулығы мекеме әкімшілігінің қатаң бақылауында.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support