- Advertisement -

Жүйелі жұмыстар қолға алынуы қажет

49

- Advertisement -

«Кәсіпкерлікті дамытудың» ұлттық жобасы кәсіпкерлердің өрістеуіне әрі олардың белсінділігін арттыруға, сондай-ақ, бәсекелестікті дамытуға бағытталғаны белгілі. Осылайша, шағын бизнесті дамыта отырып, халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру, экономика салаларын әртараптандырудың драйвері – орта бизнеске сүйену, кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдайлар қалыптастыру мақсаты көзделген.

Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңейтілген мәжілісте дәл осы жобаның іске асырылу барысы жан-жақты талқыланды. Жиынға Тараз қаласы мен аудан әкімдері, басқарма, аумақтық департамент және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Өңірде жоба аясында 10 индикатор бекітілсе, оның екеуі кәсіпкерлік және индустриалды- инновациялық дамыту басқармасына, төртеуі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, қалған төртеуі туризм басқармасына тиесілі.

Басқо суда а лдымен кәсіпкерлік және индустриалды- инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев сөз алып, өздеріне тиесілі индикаторлардың орындалу көрсеткіші туралы баяндады. Ол өз сөзінде қаржылық қолдау шараларының шарапатын көрген кәсіпкерлік субъектілерінің санын ағымдағы жылы 282 жобаға жеткізу индикаторы қойылғанын жеткізді.

– «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде Жамбыл облысына биыл 13,5 миллиард теңге қарастырылды. Қазіргі таңда 21,6 миллиард теңгені құрайтын 871 жоба қаржыландырылып, аталған көрсеткіш орындалды. Сондай-ақ ағымдағы жылы ауылдарда жаңа 1 965 кәсіпкерлік субъектісін құру индикаторы бекітілген. Осыған сәйкес, жыл басынан ауылдарда 3 382 шағын орта бизнес субъектісі құрылды. Алайда аудандар бөлінісіндегі межелі көрсеткішке Мойынқұм және Жуалы аудандары қолжеткізбеген. Сол себепті, аталған аудан әкімдіктеріне жыл соңына дейін көрсеткішке қол жеткізу үшін тиісті жұмыстарды атқаруды сұраймыз, – деді Аспандияр Сейсебаев.

Жиында сондай-ақ, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Кенжебек Олжабай, туризм басқармасының басшысы Біржан Күзембеков және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалының директоры Еркін Атымт аев, Қордай ауд анының әкімі Мәден Мұсаев баяндама жасап , индикаторларға қол жеткізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ал облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков қолөнермен айналысатын азаматтардың арасында өз кәсібін ашқысы келетіндер аз еместігін, оларға жоба аясында қажетті қолдау көрсетілуін сұрады.

Басқо су соңында облыс әкімі Нұржан Нұржігітов мемлекеттен азаматтарды қолдауға бағытталған қаржы көлемі аз еместігіне тоқталып, жауапты тұлғаларға қолөнершілерді қолдау мақсатында тиісті шаралар қабылдап, ұсыныстар әзірлеу бойынша тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ аймақ басшысы аудан әкімдері мен басқарма басшыларынан төмен көрсеткіштер мен өзге де мәселелер бойынша жауап алды.

– Біз индикаторларды қалыптастыруда төмен меже қойып алып, сол бойынша есеп беруге дағдыланып алғанбыз. Бұл дұрыс емес. Индикаторлық жоспарды жоғары етіп белгілеп, соны орындауға күш салу керекпіз. Оған біздің әлеуетіміз де, мүмкіндігіміз де жетеді. Қазіргі қалыптасып отырған жағдайды ескере отырып, облыс экономикасына әсерін тигізетін негізгі салалардың жұмыс қарқынын бәсеңдетпеуіміз қажет. Басқармалар тиісті органдармен бірлесіп, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында белгіленген көрсеткіштерді жыл соңына дейін орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Халықтың табысын арттыру, жұмыссыздыққа жол бермеу бағытында мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын тиімді пайдалана отырып, облыс экономикасын одан әрі дамыту жолында қаралған міндеттерді жүзеге асыру маңызды. Инвестиция тартып, мемлекеттік бағдарламалар арқылы бөлінген қаржылардан жергілікті кәсіпкерлер шет қалмауы үшін жүйелі жұмыстар қолға алынуы қажет, – деді Нұржан Нұржігітов.

 

Есен ӨТЕУЛІ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support