- Advertisement -

Ұлы тұлғаға құрмет

45

- Advertisement -

Қаратау қаласындағы Д.Қонаев атындағы мұражайда ұлы тұлғаны еске алу шарасы өтті. Жиында Д.Қонаев атындағы аудандық қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Ілес Нұралы аса көрнекті мемлекет қайраткерінің 110 жылдығы республика көлемінде биыл кеңінен аталып, өтіп жатқанына тоқталды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қапшағай қаласы Қонаев қаласы болып өзгергенін, жақында Тараз қаласынан Дінмұхамед Ахметұлының еңселі ескерткіші ашылғанын, наурыз айында демеушілердің қаржысына мынадай сәулетті мұражай ашылғанын атап өтті. Қонаев рухын әспеттеуде қолға алынып жатқан басқа да шараларды әңгімеледі. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабек Әсемов және аудандық мәслихаттың хатшысы Қадірбек Садубаев Алатаудай тұлғалы азаматтың ел басқарудағы ерен еңбегін, кісілік болмысын, адами-асыл қасиетін еске алып, рухына тағзым етті. Бюстіне гүл шоқтарын қойды.

Шараға жиналғандар мұражай экспонаттармен танысып, Димекеңнің қызметінен, саналы ғұмырынан, облысқа жұмыс сапарынан, отбасы тіршілігінен сыр шертетін суреттерді тамашалады. Димаш Ахметұлына арнаған лирик ақын Тұманбай Молдағалиев пен таластық белгілі ақын Нарша Қашағанның өлеңдері де мұражай төрінен орын алыпты. Екі ақынның өлеңдері де тау тұлғаны аңсаған жандарды тебірентіп, жанарларын жасауратты.

Еске алу шарасының соңынан жиналған жұртқа дәм беріліп, рухына құран бағышталды.

 

Амангелді ӘБІЛ

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support