- Advertisement -

Қазақстанда дизель отынына дифтариф енгізілді

31

- Advertisement -

Қазақстанда тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түріне байланысты дизель отынына сараланған бағалар енгізілді. Энергетика министрлігі бұйрыққа қол қойды, — деп хабарлайды Aq jol aqparat тілшісі Tengrinews.kz  ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Бұйрыққа сәйкес мынадай маркалы бензин бағасы бұрынғы деңгейде қалады: Аи-80 — 89 теңге.

Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин бағасы:

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында литріне 187 теңге,

Қазақстанның басқа облыстарында литріне 182 теңге.

Дизель отынының бағасы литріне 450 теңге болады.

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Абай облыстарында:

Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде — 1 литр үшін 260 теңге;

Арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға Қазақстан Республикасында берілген көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде — 1 литр үшін 260 теңге.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар,  Түркістан, Маңғыстау, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында:

Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде — 1 литр үшін 230 теңге;

Жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға Қазақстан Республикасында берілген көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде — 1 литр үшін 230 теңге.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support