- Advertisement -

Медицина қызметкерлерінің арасында өткен облыстық спартакиада өз мәресіне жетті

160

- Advertisement -

«Спорт күні» мерекесіне орай медицина қызметкерлері арасында екі күннен бері өтіп жатқан облыстық спартакиада өз мәресіне жетті.

Барлық емдеу мекемелері қызметкерлері барынша қатысқан жарыстарға барлығы 14 команда, 328 адам қатысты. Жалпы алғанда, 5 спорт түрі бойынша қатысқан адамдар саны: кіші футбол бойынша — 130, волейбол — 120, үстел теннисі — 25, жүзу — 40, бильярд — 13 адам болды.

Кіші футболдан өткен спорт сайысы бойынша, Меркі ауданы 1 — орынды, “Қайсар” командасы — 2 орын, Жуалы ауданы — 3 орынды иеленді.

Волейболдан өткен спорт сайысы бойынша Меркі ауданы медицина қызметкерлері — 1 орынды, Қордай ауданы 2 -орынды, Жуалы ауданы — 3 орынға ие болды.

Үстел теннисі бойынша, ерлер қауымының арасында Байзақ ауданының қатысушысы Болтыбаев Бауыржан — 1 орын, Меркі ауданының командасынан Мукаш Ильяс — 2 орын және Талас ауданының қатысушысы Байболов Ернұр — 3 орынды қанжығасына байлады. Ал әйелдер қауымы бойынша, 1-ші орынды Жамбыл ауданы, Имашева Күлайхан, 2-ші орынды Бірлік командасының қатысушысы Кадирбаева Ақмарал, 3-ші орынды Меркі ауданы, Дентаева Динара иеленді.

Жүзу спорты 3 түрлі сайыс бойынша жарысты. Олар: еркін жүзу, арқамен жүзу және брасс.
Еркін жүзу сайысы бойынша, ерлер қауымында, 1 орынды Бірлік командасының қатысушысы Каримов Фархаджон, 2 орынды Мойынқұм ауданы, Мунтбек Елжан, 3 орынды Сарысу ауданы, КаненовЕржасар жеңімпаз болды. Ал әйелдер арасында 1-ші орынды Қайсар командасының қатысушысы Гамилова Фаина, 2-ші орынды Жамбыл ауданы Жамбылбек Асель, 3-ші орынды Бірлік командасының қатысушысы Жандаралы Құндыз марапатталды.

Арқамен жүзу бойынша, ерлер қауымының арасында топтан озық болып, 1-ші орынды Сарысу ауданы, Құдайберген Жарас,2-ші орынды Бірлік командасының қатысушысыЖолдыбай Рахат, 3-ші орынды Суиндиков Рашит иеленді. Ал, әйелдер арасында 1-ші орынды Меркі ауданы, Ноғайай Дана, 2-ші орынды Жамбыл ауданы, Жолымбекова Сания, 3 ші орынды Қайсар командасының атынан шыққан Баетова Әйгерім марапатталды.

Брасс жүзуі бойынша, ерлер арасында 1-ші орынды Бәйтерек командасы Жумабаев Саят, 2-ші орынды Бірлік командасы Папапетриди Георгий, 3-ші орынды Достық командасы Түлепберген Нұрбек алды. Ал әйелдер қауымында 1-ші орынды Жамбыл ауданы Беласарова Сандуғаш, 2-ші орынды Бірлік командасы Сыдыман Ақмерей, 3-ші орынды Бәйтерек командасы Булегенова Жұлдыз алды.

Жүзу ойыны бойынша, командалық есепте, ерлер қауымында 1-ші орынды “Бірлік” командасы, 2-ші орынды “Қайсар” командасы, 3-ші орынды “Бәйтерек” командасы иеленді. Әйелдер қауымы бойынша, 1ші орынды Жамбыл ауданы, 2-ші орынды “Бірлік” командасы, 3-ші оынды “Бәйтерек” командасы қанжығасына байлады.
Бильярд ойыны бойынша 1-ші орынды “Бірлік” командасы Көпелбек Талғат, 2-ші орынды Талас ауданы Курбанходжаев Азимхан, Сарысу ауданы Қыдырбаев Бағлан иеленді. Командалық ойын бойынша, 1-ші орынды Меркі ауданы, 2-ші орынды “Бірлік” командасы, 3-ші орынды “Қайсар” командасы алды.

Барлық жеңімпаздарды облыстық денсаулық сақтау және спорт басқармасының басшылары Әсет Қалиев және Нұрбол Жүнісбеков марапаттап, спорт кубоктары мен “Алғыс хаттар” табыс етті.

Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support