- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов спортшыларды “Спорт күнімен” құттықтады

107

- Advertisement -

Құрметті спортшылар, сала мамандары мен ардагерлері!

Сіздерді «Спорт күні» кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Қай кезеңде де елдің даңқын шығарып, байрақты бәсекелерде көк Туымызды биіктен желбіретіп, елімізді төрткүл әлемге танытуда саңлақ спортшыларымыздың қосып жүрген үлесі орасан.

Осы орайда жаттырықтушылар мен сіздердің жеңіске деген жанкешті еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыз үшін ризашылығымды білдіре отырып, ол өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге екенін атап өткім келеді.

Облыс спортшылары өткен жылы түрлі республикалық және халықаралық байрақты бәсекелерде 1914 медальға ие болса, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша барлығы 608 (оның ішінде, Сурдлимпиада ойындарында – 11 медаль) медаль жеңіп алды.

Сонымен қатар, 629 спортшымыз түрлі дейгейдегі Ұлттық құрама командаларына мүше болып енген. Оның ішінде, 265 спортшы Ұлттық құрама, 239 спортшы жастар құрамасы және 125 спортшы жасөспірімдер құрамасы сапында ел абыройын халықаралық спорт бәсекелерінде асқақтатып келеді.

Бүгінде спорт саласына мемлекет тарапынан аз көңіл бөлініп жатқан жоқ. Бұл тұрғыда облыста оң өзгерістер көп. Қазіргі таңда өңірімізде 18 спорттық нысан салынуда десек, оның 8-і осы жылы пайдалануға берілмек. Бұл дене шынықтырумен, спортпен айналысатын халықтың үлесін 38,5%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді деп көзделуде. Сол секілді халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі 57,5%-ға жетеді деп жоспарлануда. Жалпы, облыстың даму жоспар жобасына сәйкес 2025 жылға дейін 45 спорт нысаны пайдалануға берілетін болады. Бұның бәрі сіздерге жеңіске деген жігер береді деп сенемін.

Баршаңызға жеңіс, сәттілік, табыстар тілеймін!

Дендеріңіз сау болып, облысымыз бен еліміздің абыройын асқақтата берулеріңізге ниеттеспін!

©️Нұржан Нұржігітов, Жамбыл облысының әкімі


 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support