- Advertisement -

Жат ағымдар жарылқамайды

108

- Advertisement -

Пиғылы жат діни теріс ағымдар бұл күнде ғаламдық проблемаға айналып отырғаны шындық. Тоқсан толғаулы тарихымызды парақтар болсақ, халқымыздың қандай да бір діни алауыздықтарға жол бермегенін байқаймыз. Ал қазір «Алла» атын аузына алып, намазға жығыла бастағандарды көрсек, кәдімгідей қобалжитын жағдайға жеттік. Мұнда мәселе діннің өзінде емес, дін атын жамылушы теріс пиғылдылардың қитұрқы әрекетінде болып тұр.

Жуырда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде өткен басқосу барысында ислам дінінің атын жабылып, ғаламтор арқылы миллиондаған адамның санасын улап жүргендер жөнінде кеңінен айтылды. Жиында облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің имамы Жарбол Ақжігіт түзеу мекемелеріндегі теолог мамандарға тағылымды дәріс оқыды. Жарбол Болатұлы өз сөзінде ағымдарды жеңуде терең білім мен толассыз насихат маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

Айта кетейік, қазіргі таңда өңірдегі түзеу мекемелерінде діни білімі жоғары теолог мамандар қызмет етеді. Олар ҚМДБ-на қарасты облыс орталығындағы мешіт имамдарымен әрі облыстық әкімдіктің дін істері басқармасымен тығыз қарым-қатынаста жүйелі жұмыс істеуде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support