- Advertisement -

Ауыл атауы қазақшаланды

21

- Advertisement -

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ

Қарой ауылдық округіне қарасты Пригородное елді мекенінің ескірген атауы Сұлутөр болып өзгертілді. Тұрғындардың көптен бергі ұсынысы назарға алынып, елді мекен атауы қазақшаланды.

Аталған ауылда тұрғындар өтінішімен екі көше асфальттануда. Соның бірі Мұқанов көшесі. Аталған көшенің ұзындығы 2 шақырым 250 метрді құрайды. Бүгінде осы көшенің қиылыстары мен Ә.Үсіпбеков көшесіндегі жұмыс толығымен аяқталған. Апта ішінде С.Мұқанов көшесі де тақтайдай тегістелмек. Жол жабындысын төсеумен «Рауан» ЖШС айналысуда.

Мұның алдында округ тұрғындарының Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ескерткіш тақта орнатылса деген тілегіне орай аудандық бюджеттен қаржы қаралып, ол жұмыс та тез арада тиянақталған болатын.

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support