- Advertisement -

«AR-AI» жастар газетінің бас редакторы тағайындалды

312

- Advertisement -

Тұрсынбек Темірланұлы Сұлтанбеков — Жамбыл облыстық «AR-AI» жастар газетінің бас редакторы қызметіне тағайындалды.

Тұрсынбек Темірланұлы Сұлтанбеков 1986 жылы 10 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университетін «Филология» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы Сарысу аудандық «Сарысу» газетінде корректор болып бастаған. Осы басылымда тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың міндетін атқарушы болып еңбек еткен.

2008 жылы республикалық «Салық тәртібі» газетінде тілші болып жұмыс істеді. Сол жылдың қыркүйек айынан  Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің Сарысу және Талас аудандары бойынша  меншікті тілшісі, кейіннен тілші, «Саясат», «Экономика» бөлімдерінің меңгерушісі болды.

2015-2017 жылдары аралығында    Жамбыл облыстық «ARAI» жастар газетінде «Саясат», «Экономика», «Мәдениет» бөлімдерінің меңгерушісі болып еңбек етті.   2017-2020  жылдары Жамбыл облыстық «ARAI» жастар газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.  2021 жылдан бері Жамбыл облыстық «Ақ жол»  газетінің жауапты хатшысы.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Отбасылы, төрт бала тәрбиелеп отыр.

Aq j

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support