- Advertisement -

Оқу орнын 3 мыңнан астам түлек тәмамдады

67

- Advertisement -

Ел болашағы білімді, бәсекеге қабілетті жастардың қолында екені даусыз. Сондықтан талапты жастар сапалы білім алып, таңдаған мамандығының майталманы атанса, бұл ең алдымен білім ордасының абыройы. Сондай білім ордасының бірі – жастардың түрлі мамандық иесі атануында өзіндік орны бар Халықаралық Тараз инновациялық институты. Оқу ордасының бір топ түлегіне кеше Тараз қаласындағы Тұңғыш Президент саябағында диплом салтанатты жағдайда тапсырылды. Жиынға облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қатысып, түлектерге табыс тіледі.

 Биылғы оқу жылында Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенттері 34 бакалавриат және 23 магистратура бағдарламасы бойынша білім алған. Нақтырақ айтсақ, оқу орнын 3 мыңнан астам түлек жақсы аяқтаса, оның ішінде 68 студент үздік диплом иегері атанып отыр. Оқу жылында 240 профессор-оқытушы, оның ішінде 1 ҚР ҰҒА академигі, 1 ҰҒА корреспондент-мүшесі, 12 ғылым докторы, профессор, 10 Рһd докторы, 85 ғылым кандидаты және доценттердің еңбегін бағалауға тұрарлық.

Білім беру саласында өзіндік орны бар іргелі институттың мықты материалдық-техникалық және ақпараттық базасы қалыптасқан. Сол үдерістің жібі үзілмей, биыл институтта бірқатар нысан ашылып, студенттердің игілігіне ұсынылды. Атап айтқанда, Конституция күніне Open space форматындағы кітапхана, Халықаралық студенттер күніне орай cтуденттердің шығармашылық орталығы пайдалануға берілген.

Жалпы білім ордасында ауданы 10658 шаршыметрді құрайтын заманауи 7 оқу ғимараты, жалпы ауданы 7 130,6 шаршыметр болатын 500 жасқа шақталған студенттер үйі, заманауи спорт кешені бар екен. Бұдан өзге агробиологиялық ғылыми-зерттеу орталығы, «Шерхантану және рухани жаңғыру» орталығы, балық шаруашылығы, аквакультура зертханасы да талапты жастардың теориялық білімін тәжірибеде шыңдауға мол мүмкіндік беріп отыр.

Салтанатты жиында облыс әкімі Нұржан Нұржігітов студенттерді құттықтап, магистрлер мен үздік студенттерге диплом тапсырды. Сонымен қатар іс-шараның ортасында болған басқарма басшылары, жұмыс беруші мекемелердің басшылары да түлектерге тілек айтып, табыс тіледі. Эстрада жұлдыздары әннен шашу шашып, кештің көркін қыздырды.

Сәндібек ПІРЕНОВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support