- Advertisement -

Тауар айналымы 76,5 пайызға артқан

142

- Advertisement -

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Тәжікстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Бобохонзода Арабшах Равшанмен кездесті.

Кездесу барысында Тәжікстан мен облысымыздың арасындағы сауда-экономикалық және рухани, мәдени байланыстар, инвестициялық даму перспективалары сөз болды. Облысымыздың Тәжікст анмен т ауар айналымы жыл басынан мамыр айына дейін 2021 жылдың осы аралығымен салыстырғанда 76,5 пайызға ұлғайып, 6,8 миллион АҚШ долларын құраған. Оның ішінде экспорт 5,7 миллион АҚШ долларын құрап, 62,5 пайызға өссе, импорт 1,1 миллион АҚШ долларын құрап, 3,2 есе артқан екен.

 

Экспортталған тауарлар қатарында арпа, күнбағыс тұқымы, кондитерлік өнімдер, сульфат, натрий цианиді, аммоний сульфаты, ферроқорытпалар мен ферросиликомарганец бар. Ал біздің өңірге Тәжікстаннан пияз бен кептірілген жемістер жеткізілген. Басқосу барысында этномәдени байланыстар мәселесі де сөз болды.

Айта кетейік, облыста тәжік ұлтының 786 азаматы тұрады. Жиын соңында облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Бас консулға естелік ретінде өңір шежіресі қатталған бірнеше кітапты сыйға тартса, Тәжікстан тарапы да арнайы кәдесыйын ұсынды.

Маржан РАҚАЙ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support