Медиация мақсаты – бітімгершілік

62

2011 жылдың 28 қаңтарында елімізде «Медиация туралы» Заң қабылданды. Жалпы, медиация – дауды шешудің тиімді жолы. Өз заманында Ахмет Байтұрсынов: «Әділ билердің қолындағы билік — қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді…» деген сөзі ел арасында осы заңның қадір-қасиетін айқындап тұрғандай.

Жуырда ювеналды сотта баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы анықтау жөнінде азаматтық іс бойынша тараптар сот медиативтік келісімге келу арқылы аяқталды. Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына талап қоюшы А кәмелетке толмаған екі баласының тұрғылықты жерін өзімен бірге айқындау туралы жүгінген. Себебі ол өзінің талап қоюында жауапкер Ж Түрік Республикасына жұмыс жасауға кетіп, балаларын ата-анасына тәрбиелеуге қалдырып кеткен.

Сот отырысы барысында тараптар медиативтік келісімге келе алды. Жауапкер Ж-ның Түрік Республикасында болғанда кәмелетке толмаған балалары жауапкердің ата-анасымен бірге тұрады. Алайда жауапкер Ж-ның Қазақстан Республикасына келгеннен кейін балалар онымен бірге тұрады, ал талап қоюшы А кәмелетке толмаған балалармен мектеп, күзгі, қысқы, көктемгі демалыс кезінде өзінің тұрғылықты жері бойынша көрісіп, араласып тұрады. Осылайша, ол демалыс уақытында өзінің тұрғылықты жері бойынша балалармен кездесіп және жазғы демалыс кезінде балалармен 1 айдың 15 күнін алып кету арқылы көрісіп, араласып тұратын болды.

Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы медиативтік келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды. Іс бойынша тараптар медиативтік келісімге келгендіктен, 1532 теңге мөлшерінде төленген мемлекеттік баж талап қоюшы А-ға қайтарылды. Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді және баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Жамбыл облысы кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі

Comments are closed.