- Advertisement -

Желаяқ Жақсылық

36

- Advertisement -

Жақында Нұр-Сұлтан қаласында 30 шақырымға жүгіруден халықаралық марафон өткен болатын. Бұл жарыста 24 мемлекеттен 4 500 желаяқ бағын сынап, жүлдеге таласқан екен. Бірақ, жүлденің жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарға ғана бұйыратыны белгілі.

Бәсі жоғары осынау марафонға біздің өңірден де бірнеше марафоншы қатысып, жүлде жолында тер төкті. Олардың ішінде 68 жастағы таластық марафоншы Жақсылық Мамырбекұлы да бар. Ол бұған дейін де республикалық, облыстық марафондарда топ жарып, жеңіске жетіп жүрген болатын. Жақсылық желаяқ бұл жолы «Жеңіске деген құштарлығы үшін» деген аталымға ие болды. Сөйтіп, Әулиеатаға мерейі өсіп, қуанып қайтты. Оқырманның есіне қайтадан сала кетейік, Жақсылық Мамырбекұлы өткен мамыр айында 100 жасқа толған облыс баспасөзінің қара шаңырағы «Aq jol» газетінің құрметіне 100 шақырым қашықтыққа жүгіріп өткен болатын. Енді міне, тағы да жеңісімен қуантып отыр.
– Менің бұйырса алдағы жылдарға да жоспарларым бар. Жүгіруді әзірге тоқтатпаймын. Спортпен шұғылданғаннан пайда көрмесем, зиян шеккен емеспін. Денсаулығыма да пайдалы. Өзім сергек жүремін. Енді халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай 90 шақырым қашықтыққа жүгіріп өтуді жоспарлап отырмын. Осы ниетімді қолдап, жағдай жасайтын демеуші жігіттер табылса нұр үстіне нұр болар еді, – дейді 68 жастағы марафоншы.

Мөлдір АМАНҚҰЛ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз
өңірлік университетінің студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support