- Advertisement -

Жамбыл-Литва экономикалық байланысы артпақ

11

- Advertisement -

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Литва Республикасының Бас консулы Гвидас Керушаускаспен кездесті.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ерекше назар аударды.
Нұржан Нұржігітов екі ел арасындағы дәстүрлі, достық қарым-қатынастар жайын атап өтті. 2022 жылғы қаңтар-сәуір айлары аралығында Жамбыл облысы мен Литва Республикасы арасындағы тауар айналымы 73,2 мың АҚШ долларын құрап, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,7 пайызға артық көрсеткішті көрсетіп отыр.
– Бізге аймақтық деңгейде байланыстарды нығайту аса маңызды. Сондықтан өзара ынтымақтастық аясын кеңейтуге дайынбыз, инвесторлар санын арттыруға мүдделіміз. Өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, ЖЭК салаларындағы бірегей жобаларды іске асыру үшін барлық мүмкіндіктер бар, – деді Нұржан Нұржігітов.
Ал Литва Республикасының Бас консулы облыс әкіміне жылы қабылдағаны үшін алғыс айтты. Ол Жамбыл облысы мен Литваның экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастығын нығайтуға ниет білдірді.
Кездесу барысында «CNC Group» компаниясының басшысы Норкус Ирмантас қоғамдық тамақтану саласында қызмет көрсету бойынша жобаны таныстырды. Кездесуге қатысушылар мектеп оқушыларын, аурухана пациенттерін және кәсіпорын қызметкерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз ету саласында литвалық тәжірибені пайдалану мәселелерін талқылады.
Нұржан Нұржігітов әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түліктің ішінен біздің өңір өзін қарақұмық пен күріштен басқа барлық түрлерімен қамтамасыз ететініне назар аударды. Жобаны сәтті жүзеге асыру барысында аймақ басшысы жергілікті өнімді пайдалану және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Тараптар өзара ынтымақтастық шеңберінде сауда саласында, инвестициялар тарту, бизнес-жобаларды іске асыру бойынша жұмыстың жүйелі жүретініне сенім білдірді.

«Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support