- Advertisement -

Тараз теміржол вокзалы заманауи келбетке енді

276

- Advertisement -

Тараз теміржол вокзалының бас ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев теміржол вокзалында болып, атқарылған жұмыстарға жоғары баға берді.

Станция 1986 жылы салынған. Мұнда соңғы рет жөндеу жұмыстары 2013 жылы жүргізілген. Теміржол вокзалы ғимаратын қайта жаңғыртуға 237,0 млн. теңге жұмсалған.

Мердігер «Энергетикалық Құрылыс» ЖШС ауқымды жұмыстар атқарғаны көрініп тұр. Екі қабатты ғимараттың шатыры, қасбеті жаңартылып, терезелері мен есіктері жаңадан орнатылған. Су құбыры, кәріз және жылу жүйелері де ауыстырылған.

Ғимараттың заманауи жобасы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасымен бекітілген. Жергілікті сәулетшілер ғимараттың қабырғаларын көркем суреттермен безендірген. Сондай-ақ, жаңа билет кассалары орнатылған. Вокзал заманауи бейне-бақылау жүйесімен жабдықталған (барлығы 74 камера).

— Теміржол вокзалы біздің облыс орталығының қақпасы болып табылады. Мұнда тұрғындар мен қонақтарға ыңғайлы болу үшін барлық жағдайлар жасалуы керек, келушілер өздерін қауіпсіз сезінуі тиіс. Жоғары деңгейде қызмет көрсетілу қажет, — деп атап өтті аймақ басшысы.

Бердібек Сапарбаев вокзал аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support