Кәсібилік пен әдептілік – мемлекеттік қызметшінің имиджін көрсетеді

Кәсібилік пен әдептілік – мемлекеттік қызметшінің имиджін көрсетеді
ашық дереккөз
Кәсібилік пен әдептілік – мемлекеттік қызметшінің имиджін көрсетеді
Бүгінгі Қазақстанның мемлекеттік қызметшісі – халықтың мемлекеттік органдарға сеніммен қарайтын, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыратын бейне болып табылатыны сөзсіз. Әрбір мемлекеттік қызмешінің міндеті, ол адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы. Осы орайда, адамдар арасында осы қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет. Осындай сенім мен құрметке жету оңай емес. Осыған жету үшін кәсіби білімділік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінезқұлық мәселелері де бар. Яғни, кызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдық адамгершілік қасиеттері қатар тұру керек. Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында «өте жоғары этика мен кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылады» деп атап көрсеткен болатын. Сондықтан, бүгінгі күні мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде. Кәсібилік пен әдептілік қосылып, мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығына және әділдігіне қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуға мүмкіндік береді. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» мемлекеттік қызметшінің жұмыс пен тұрмыстағы жүріс-тұрысын реттейді. Мемлекеттік қызметші өзінің біліктілігі мен білімінің арқасында елге қызмет етумен қатар, белгіленген әдептілік нормаларын сақтай отырып, тек қызмет барысында ғана емес, барша азаматқа үлгі болуы арқылы мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға үлес қосуы керек. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер жұмыс барысында адал, әділ, қарапайым болуға, моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, қабылдайтын шешімдерінің заңдылығын қамтамасыз етуге, мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге қарсы тұруға, мінез-құлқымен қоғамдық сынға себепкер болмауға, жұмыс уақытын тиімді пайдалануға жеке мәселелерінде қызметін пайдаланбауға, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға міндеттелсе, жұмыстан тыс уақытта масаң күйде болмауға, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тыйым салынған. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтегі басшылар өзінің мінез-құлқымен бейтараптық танытып, еңбекті, денсаулықты қорғауға, қызметшілердің тиімді қызмет етуі үшін қауіпсіз және қажетті жағдайларды жасауға, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітпеуге, негізсіз айыптауларға, дөрекілік, әдепсіздік және орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге тиіс. Сонымен бірге, аталған кодекске сәйкес Әдеп жөніндегі уәкілі лауазымы еңгізілді. Әдеп жөніндегі уәкіл кодексте көрсетілген заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті және оның орындалуын бақылайды.  

Айжан Көшербаева,

Бас инспектор, облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі

уәкілінің міндетін уақытша атқарушы.

 

Ұқсас жаңалықтар