- Advertisement -

Ел іші – өнер кеніші

1 022

- Advertisement -

Өнер қасиетті дүние. Ал ел ішіндегі өнердің құдіретін алтынға теңесек, қателеспейміз. Кез-келген ұлттың өнердің тірегі де, түп бастауы да халықтың өзі. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында атап көрсеткендей, жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты — ұлттық кодыңды сақтай білу. Егер жаңғыру елдің ұлттық рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.

Қазақ халқының сонау ерте заманнан келе жатқан салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті мен бар болмысы өнерімен байланысты. Сондықтан өнердің қай түрі болмасын, ата-бабамыздан қалған асыл мұрамыз, таусылмас қазынамыз екені даусыз. Халқымыз ұлт болып қалыптасуынан бері қазақ өнері тек қана алға жылжып, дамып келеді.

Данышпан Абай атамыздың «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» деген сөздері қазақ өмірінің бүкіл тыныс-тіршілігі өлеңмен өрнектелетінін айқын көрсетеді. Шындығында сәби дүниеге келгенде бесік жырымен әлдилеп қарсы алып, адам дүниеден өткенде жоқтау айтып шығарып саламыз. Қазақ өнерін бағалап, оның дамып өркендеуіне атсалыспасақ, қазақтың әндерін, күйлерін жоғалтып алсақ, ол бізге ғана емес, бүкіл халқымызға үлкен сын.

Ежелден бабаларымыз өнер-білімді өрістетіп, құндылығын өскелең ұрпаққа, яғни бізге дейін жеткізіп келді. Соның арқасында салт-дәстүріміз ғасырлардан ғасырларға жалғасты. Бүгінгі таңда салт дәстүріміз бен өнеріміздің, білімнің біз үшін орны ерекше.

«Ел іші – өнер кеніші» деп дана халқымыз айтқандай, әнші, күйші, айтыскер ақын, кино саласының майталмандары шыққан киелі Сарысу топырағы өнерге бай. Бұның дәлелі бұл аймақтан Қазақстанның Еңбек Ері атағын алған Асанәлі Әшімов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Сауле Жанпейісова, Ардақ Исатаева, Айгүл Мақашева, күйші Саян Ақмолда көптеген өнер майталмандары түлеп шыққан.

Өзіміздің әрі келер ұрпақтың рухани байлығын арттырып, жан азығын толықтыруда қазақ өнерінің алар орны зор екенін ешқашан ұмытпағанымыз жөн.

А.Мизамбаева, Саудакент ауылдық балалар саз мектебінің директоры

Сарысу ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support