- Advertisement -

Аграрлық мәселеге ардагерлер де алаңдаулы

80

- Advertisement -

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты аймақтағы ардагерлер ұйымдарының есеп беру, сайлау жиындарының нақты күндері белгіленіп, түсіндірілді. Жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Еркінбек Солтыбаев  облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың «Бірлесіп жасалған істен береке тарқамайды» атты үндеуіндегі бірқатар маңызды мәселелерге де тоқталып, алдағы мақсаттарды атап өтті.

– Өткен қыстың қатал сыны барлығымызды ойландыруы тиіс. Қазірдің өзінде шабындықтың мәз еместігі жайлы дабыл қағылуда. Шөптің бағасы да шарықтап кетті. Ол негізінен ата кәсіп – малмен жан бағып отырғандар  үшін оңай емес. Сондықтан, біз шаруа қожалықтарын, жеке азаматтарды, кәсіпкерлерді бірігіп, жем-шөп дайындауға ерекше мән беруге шақырамыз.   Шаруалар тарапынан уақытты тиімді пайдаланып шөпті күйдірмей жинап алу ортақ міндет. Біз бұл сынақтан татулығымыз бен сабырлығымыздың, бірлігіміздің арқасында аман-есен өтіп, мал азығының мол қорын жасайтынымызға сенімдіміз. Біз сіздерді бірінші кезекте шабындық жерлерден басқа арық-атыз, сай-сала, өзен, көл жағалауларындағы шөптерді жинап алуға шақырамыз,-деді өз сөзінде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Басқосу барысында  ардагерлер кеңесінің мүшелері де өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті. Бұдан кейін жиынның күн тәртібіндегі негізгі  мәселеге орай ардагерлер ұйымдарының есеп беру, сайлау жиындарының күндері белгіленді.  Нәтижесінде есеп беру және сайлау жиналыстары топтық ардагерлер ұйымдарында 18-25 шілде аралығында, бастауыш ардагерлер ұйымдарында 25-31 шілдеде, ал Тараз қаласы мен қалалық, аудандық ардагерлер кеңестерінде тамыздың 9-16 күндері өткізілуі келісілді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support