- Advertisement -

Білім министрлігі неліктен вакцина өндірумен айналысады

43

- Advertisement -

Коронавирусқа қарсы вацинаны жаппай өндірумен неліктен Денсаулық сақтау министрлігі емес Білім және ғылым министрлігі айналысады? Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов жауап берді.

«Вакцинаны әзірлеуші институт Білім министрлігіне қарасты ұйым саналады. Сондықтан біз, денсаулық сақтау жүйесі ретінде аталған вакцинаның тиімділігін бақылауға және оларды нарыққа жіберуге қатысамыз. Бұл жалпы әлемдік тәжірибе саналады. Денсаулық сақтау министрлігінің құзіретін өндіру кірмейді», — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында. Бірінші вице-министр қазақстандық вакцинаны шығаруға Денсаулық сақтау министрлігі қандай көмек көрсететіндігін де айтып берді. «Дәрілік заттарды сараптау орталығымыз клиникалық сынақтың барлық сатысында сараптама жүргізіп, нәтижесінде сарапшылық қорытынды береді. Комиссия қорытындысы жасалады. Содан кейін аталған препаратты Медициналық-фармацевтикалық бақылау комитетінде тіркеу жүргізіледі», — деді Марат Шоранов.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support