Мамандық бойынша жеке даярлық сабағы өтуде

64

      Гвардейск гарнизонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес әскери қызметшілердің мамандығы бойынша жеке дайындық сабақтары өтіп жатыр.

Мамандық бойынша жеке дайындық сабақтары – жауынгерлік әзірліктің деңгейін көтеру және әскери қызметшілердің мамандықтары бойынша білім сапасын арттыру мақсатында бөлімшелер бойынша дайындық сабақтарының үйлесімділігіне бағытталған. Жеке дайындық сабақтары желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.

«Сабақты сапалы өткізу мақсатында жеке құрамды мамандық бойынша топтарға бөлдік. Әскери бөлімнің барлық жеке құрамы сабақтарға түгел қатысып, әр әскери қызметші өз мамандықтары бойынша сапалы білім алуда. Бұл сабақтардың нәтижелері алдағы болатын оқу жаттығуларда жақсы жетістіктерге жеткізеді деп сенемін», — дейді 82796 әскери бөлімі командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары гвардия подполковнигі Жасұлан Абеков.

Жеке құрам мамандықтары бойынша бірнеше топтарға бөлінді. Офицерлер мен сержанттар қатарынан сабақ жетекшілері тағайындалды. Сонымен қатар әскери бөлімдердің аумағында арнайы оқу орындары орналастырылды. Мамандық бойынша жеке дайындық сабақтары аяқталғаннан кейін, жеке құраммен бөлімшелер бойынша дайындық сабақтары өткізілмек.

        

Майор Жомарт Тажиханов, Гвардейск гарнизоны

баспасөз қызметінің бастығы

Comments are closed.