- Advertisement -

Жас сарбаздар әскери ант қабылдады

334

- Advertisement -

Гвардейск гарнизонында жас сарбаздар әскери ант қабылдады. Әскери ант қабылдау – маңызды құқықтық және саяси – тәрбиелік шара. Әскери ант – жауынгерлердің Отанына, халқына, үкіметіне және өзінің әскери борышына адалдығын білдіретін серті.

Гвардейск гарнизонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде күз мезгілінде шақырылған 700-ге жуық жас сарбаздары санитарлық талаптарды сақтай отырып, әскери ант қабылдады. Айтулы мерекеде әскери бөлімдердің жауынгерлік туы саптық алаңға шығарылып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны шырқалды. Сондай-ақ, жас толықтыру сарбаздарын тәрбиелеу барысында өзінің біліктілігімен ерекше көзге түскен рота командирлері, мемлекеттік туды көтеру мәртебесіне ие болды. Салтанатты іс-шара карантиндік шектеулерге байланысты гарнизондағы әр әскери бөлімдердің аумағында сарбаздардың ата-ана, туыстарының қатысуынсыз өткізілді.
Іс-шара барысында әскери ант қабылдаған жас сарбаздарға әскери қызметке бейімделу кезеңіндегі фотосуреттері салынған фотоальбомдар табыс етілді.
Әскери ант қабылдау рәсіміне «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы полковник Абай Жолдасов мырза және Ауған соғысының ардагерлері Таласбай Терлікбаев, Тілепберген Матаев, Серік Шегиров, Рахат Байтемиров ағаларымыз қатысып, бойларында рухы биік, жалындаған сарбаздарға құттықтау сөздер айтты, және еліміздің болашағы Отанды қорғау жолында аянбай тер төгуге шақырып, жігер берді. Жас өрендерге Отан алдындағы борыштарын жоғарғы деңгейде атқарып, еліне, отбасына мақтанышпен оралуларына тілек білдіріп, сәттілік тіледі. Сонымен қатар, әскери бөлім командирлері де ізгі тілектер мен құттықтау сөздер айтып, әскери ант рәсімінің маңызы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарын жеткізді. Ал, жас сарбаздардың атынан қатардағы жауынгер Алижан Байжан мен Андрей Костюков қарулас достарына құттықтау тілектерін айтып, өлең шумақтарын жолдады.
Жас сарбаздар әскери ант қабылдағанға дейін бір ай көлемінде әскери қызметке бейімделу кезеңінен өтті. Әскери ант қабылдаған жас сарбаздар, әскери мамандықтар бойынша бөлімшелерге бөлініп, олармен алдағы уақытта жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес сабақтар өткізілетін болады.
Іс-шара соңында әскери бөлімдердің жеке құрамы, мінбе алдынан салтанатты шерумен өтті, және мемлекеттік көк туымызды желбіретіп, «Мен қазақпын» әнін орындады. Сондай-ақ, аз ғана уақыт ішінде әскери ант рәсіміне дайындалған жас сарбаздарымыз дефиле мен саптық тұрыста қаруvty әдіс тәсілдер және қарумен қоян қолтық ұрыс түрлерін көрсетті.
«Бүгін, 82796 әскери бөлімінің 250 жас буыны әскери антқа келтірілді. Жас сарбаздар бір ай бойы осы рәсімге сапалы түрде дайындалып, бүгін өздерінің нағыз Отан қорғаушы жауынгер екенін паш етіп, дәлелдеді. Әрбір әскери қызметші, әрбір біздің жас сарбазымыз кез келген уақытта, кез келген мезетте жоғары басшылықтың қойған кез келген тапсырмасын орындауға дайын», — дейді 82796 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары гвардия подполковнигі Біржан Азмухаметов.
Сонымен қатар, жас сарбаздарымыз мәдени демалыс орталығында 21450 әскери бөлімінің оркестр ұжымының ұйымдастыруымен өткізілген концерттік қойылымдар тамашалады. Концерт барысында өнерлі жас сарбаздар да ән айтып, өз өнерлерімен бөлісті.

Гвардейск гарнизоны
баспасөз қызметінің бастығы
майор Жомарт Тажиханов

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support