- Advertisement -

Қазақстан Қарулы Күштерінің қатары жас сарбаздармен толығуда

187

- Advertisement -

Гвардейск гарнизонында Құрлық әскерлеріне қарасты оқу орталығы жас сарбаздармен толықты. Отан алдындағы әскери борышын өтеу, әрбір ер азаматтың парызы.

Гвардейск гарнизонындағы оқу орталығы мыңға жуық жас сарбаздармен толықты. Олар әскери бөлімге келісімен коронавирус инфекциясын анықтайтын ПТР тест тапсырып, медициналық тексерістен өтті. Жас сарбаздар 14 күндік карантинге гигиеналық талаптары сақталған казарма үй-жайларына орналастырылды. Олардың тамақтануы да қарастырылып, санитарлық талаптарды сақтауы жіті бақылауға алынды. Екі апта карантиннен кейін олармен оқу тәрбие процесінің жоспарына сәйкес сабақтар өткізілетін болады.
«Әскери бөлімге Қазақстанның барлық өңірлерден жас сарбаздар келіп, қатарымызды толықтырды. Карантин шектеулеріне байланысты олар, келген құраммен бірге, әр облыс бөлек өз алдына арнайы дайындалған казармаларда 14 күндік карантинде болады. 14 күннен кейін оларды мамандықтар бойынша бөлімшелерге бөліп, оқу тәрбие процесін бастаймыз», — дейді 30212 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары ұлан подполковнигі Болат Койшин
30212 әскери бөліміне келген жас сарбаздар алдағы уақытта мотоатқыштар, танкішілер, артиллерия әскери мектептерінде кіші мамандықтар бойынша әскери білімдерін жетілдіреді. Атап айтқанда жаяау ұрыс машинасы мен танк механик-жүргізушісі, көздеуші-операторы, брондалған көліктің механик-жүргізушісі мамандықтары бойынша әскери білім алады. Оқу тәрбие процесі аяқталғаннан соң олар кіші маман куәліктерін алып, Құрлық әскерлерінің жауынгерлік әскери бөлімдеріне жіберілетін болады.

Гвардейск гарнизоны
баспасөз қызметінің бастығы
майор Жомарт Тажиханов

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support