- Advertisement -

Қазақстанда 3 164 бала коронавирус жұқтырды

60

- Advertisement -

Коронавирус індеті басталғаннан бері Қазақстан Республикасында 3 164 бала ауырды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты.  

«Биыл Қазақстанда 3 164 баладан COVID-19 диагнозы анықталды. Бұл республика бойынша жалпы науқас санының 2,7 пайызы. Оның ішінде 114 — жаңа туған нәресте. 1 810 балаға COVID-19 зертханалық расталмаған КВИ (-) диагнозы қойылған немесе ҚР-да барлық жағдайдың 4,8% . COVID-19-дан балалар қайтыс болған жоқ», — деді А. Ғиният.

Оның айтуынша, коронавирус инфекциясы кішкентай науқастардың 85% немесе 2 697 балада симптомсыз және жеңіл, 14,2% немесе 448 балада орташа деңгейде, ал 19 балада ауыр өтті, бұл барлық жағдайлардың 0,6% .

«Бүгінгі таңда COVID-19 шалдыққан 340 бала бақылауда, оның ішінде: жаңа туылған нәрестелер – 3, 28 күннен 18 жасқа дейінгі балалар – 337, ауруханаға жатқызылғандар – 55, амбулаториялық емдеуде – 285», — деп хабарлады Денсаулық сақтау вице-министрі.

Жеті балаға асқынған COVID-19 тән белгілері бар вирустық пневмония диагнозы қойылған, 3 пациенттен бактериялық сипаттағы пневмония анықталды.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған 200 оқушы мамандардың бақылауында, сондай-ақ балабақшалардағы кезекші топқа барған 18 бала және интернаттан келген 21 бала бар.

«Жалпы Covid-19 жұқтырған 200 оқушы, сондай-ақ балабақшаның кезекші тобына барған 18 бала және интернаттан 21 бала бақылауда», — деді А.Ғиният.

2020 жылғы тамыздан республикада COVID–19-мен байланысты мультисистемалық қабыну синдромы (Кавасакиге ұқсас синдром) тіркеле бастады.

«Биыл 42 баладан мультисистемалық қабыну синдромы анықталды, қазіргі уақытта мұндай диагнозы бар пациент жоқ», — деді Денсаулық сақтау вице-министрі.

Халықаралық деректерді сараптау барысында (ЮНИСЕФ) COVID-19 жұқтырған балалар популяциясы толық зерттелмегені байқалады,-деді ол. Сонымен қатар, ДДСҰ мәліметтеріне сәйкес, зертханада расталған жағдайлардың 1-7% балаларға тиесілі, ал өлім-жітім басқа топтармен салыстырғанда төмен.

Жалпы, негізгі статистикалық деректерге қарасақ, бала туу көрсеткіші жақсарған, балалар арасындағы аурушаңдық пен өлім-жітім деңгейін төмендегені байқалады.

«2020 жылдың 9 айында жалпы 320 302 бала дүниеге келді, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінде туылғаннан 5% көп. Биыл 9 айының қорытындысы бойынша 0-ден 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы сырқаттанушылық көрсеткіші 15% төмендеп, 2019 жылдың 9 айымен салыстырғанда 100 мың балаға 56 682,7 ауруды құрады», — деп хабарлады А.Ғиният.

Барлық жастағы балалар жоғарғы тыныс жолдарының ауруына жиі шалдығады. Жедел деректер бойынша 0-17 жастағы балалар арасында жіті респираторлық вирустық инфекция37% төмендегені байқалады. Сондай-ақ, осы кезеңде балалар арасында тұмау 28% азайған. 2020 жылдың 9 айында пневмониямен жалпы сырқаттанушылық көрсеткіші 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5% төмендеп, 100 мың балаға шаққанда 792,4 құрады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support