- Advertisement -

Елордаға Мәскеуден ұшып келген бір жолаушыдан коронавирус табылды

29

- Advertisement -

Нұрсұлтанға шетелден ұшып келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, ПТР сынағынан өткені туралы сертификаты жоқ әуе жолаушыларын карантин стационарына жедел жеткізу шараларының арқасында елорданың медицина қызметкерлері тұрғындар арасында инфекцияның таралуын болдырмай, науқасқа уақтылы көмек көрсетті. 30 жастағы ер адам Мәскеуден ПТР сынағының сертификатынсыз келген.

Әуежайдан бірден ол карантин стационарынажеткізіліп, қажетті зертханалық тексеруден өтті. Аурухана басшылығының айтуынша, науқастың нәтижелері анализ алған соң 4 сағаттан кейін дайын болған. Жолаушыдан аурудың симптомсыз түрі анықталып, үй жағдайындағы карантинге жабылды. Науқастың жағдайы бірқалыпты, шағымы жоқ. Ер адамды тұрғылықты жеріндегі емханалардың медицина мамандары бақылайды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support