- Advertisement -

Коронавирусты иммундық плазмамен емдеу аңыз емес

59

- Advertisement -

Қазақстанда коронавируспен ауырған әрбір екінші азаматтың бойында антидене бар. Медициналық зертхана мамандары осындай қорытындыға келіп отыр. Бір донордан алынған сол иммундық плазма 2-3 науқасты емдеуге жетеді екен.

Бұл плазмалар 3 жылға дейін сақтауға жарамды. Жүзден аса отандасымыз оның пайдасын көріп үлгерген. Ағзасында антиденесі бар азаматтар плазма тапсырса, оларға 20 мың теңгедей төленеді.

Зертханалық зерттеудің нәтижесінен белгілісі, коронавирустың орташа және асқынған түрімен ауырып шыққан азаматтардың иммундық плазмасы аса қуатты келеді. Мұндай плазмалармен covid жұқтырғандарды емдеуге болады.

Бір донордан антиденесі бар 600 мл. плазма қажет. Дәрігерлер содан өздеріне қажетті бөлігін ғана алады. Ал лейкоцит, эритроцит секілді қосымша қан құрамы донордың өзіне қайта құйылады. Сондықтан қан, плазмасын тапсырған азаматтың иммунитеті әлсірейді деп қорқудың қажеті жоқ.

Қазақстанда  коронавируспен күресте антидененің тиімділігі жайы сәуір айынан бастап тексеріліп келеді. Аты жаман індеттен айыққандар әуелгі кезде донор болуға секеммен қараса, бүгінде олар өз еріктерімен қан тапсырып жатыр екен.

Антиденелердің айықтырғыш күші бары әлдеқашан дәлелденген. Бүгінде еліміз бойынша қан орталықтарынан бөлек, жекеменшік зертханаларға да плазма тапсыруға болады. Ал коронавируспен ауырып шыққан науқастардың тең жартысында анидене қалыптасқанына мамандар өткен көз жеткізген.

Фуат Дивеев, медициналық компанияның бас директоры:  Зертхана жұмысының нәтижесін сараладым. Сынама тапсырған 300 адамның 60 пайызынан антидене анықталыпты. Яғни ел бойынша шоғырланған зертханаларымызға келген 300 азамат коронавирустың әлдебір түрін бастан кешірген болып тұр.

Мамандардың айтуынша, вирустың жеңіл түрімен ауырған, яғни симптомсыз науқастарда да антидене болады, бірақ өте әлсіз. Бір сөзбен айтқанда, симптомсыздардың плазмасы пайдасыз. Ал вирустың орташа және ауыр түрін бастан кешкендердің иммундық плазмасы 3 науқасқа жетеді екен. Өңделген иммундық плазмаларды зертханалардағы тоңазытқыштарда 3 жылға дейін сақтауға болады.

Алексей Балась, клиника-диагностикалық зертхананың маркетинг және инновация директоры: Бүгінде адам бойында түзілген антиденелер ағзада нақты қанша уақыт сақталатынын бақылаған ешкім жоқ. Бірақ кейбір ғылыми зерттеулердің нәтижесінен белгілі болғаны, антиденелер 2-3 ай ағзада өмір сүреді. Одан кейін көлемі азайып кетеді екен. Бірақ бұл әр адамның иммунитетіне де байланысты. Алайда антиденелердің жарты жылға дейін ағзада сақталып, вирусты жолатпайтындай қауқар көрсететінін тағы да жоққа шығара алмаймыз.

Иммундық плазма донорлары 18 жастан асқан, салмағы 50 келіден жоғары, әрі  инфекциялық аурумен ауырмаған болғаны жөн.  Мұндай донорларға 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 20 мың теңгедей төлем төленеді.

ktk.kz

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support