- Advertisement -

Қазақстандық жасөспірім Грузияда жоғалып кетті

68

- Advertisement -

Грузияда жоғалып кеткен қазақстандық жасөспірім бірнеше күннен бері табылмай жатыр. 13 жастағы Илья Пилпани сол елдегі туыстарына әкесімен бірге қыста қыдырып кеткен. Содан пандемияға байланысты шекара жабылып, әке мен бала кері қайта алмай қалған.  

Жасөспірім бұған дейін ешқашан үйден кетіп көрмеген. Бірақ сол күні, анасының айтуынша, әкесімен сөзге келіп қалған. Сөйтіп велосипедке мініп, үйден шығып кетіпті. Жақындары ашуы басылған соң қайтып келеді деп күткен. Алайда баладан хабар жоқ. Жергілікті телеарналар қазақстандық баланың жоғалып кеткенін хабарлауда. Баланың тауға қарай кеткенін көргендер бар. Құтқарушылар тау-тасты қанша шарласа да, Ильяны таба алмай жатыр

Ксения Пилпани күйеуі мен ұлын Грузияға жіберіп, өзі жұмыспен Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшып кеткен. Содан карантин басталып, отбасы екі жақта қалып қойған.

Нұрбек Алмашев, ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетікшісі: Қазақстанның Грузиядағы елшілігі аталған мемлекеттің  Ішкі істер министрлігімен байланыс орнатып, баланы іздестіру шаралары тұрақты бақылауға алынды. Өзіңіз білетіндей, қазір бүкіл әлем бойынша қатаң карантиндік шаралар қабылданған. Шекара жабық. Бірақ бұған қарамастан біз баланың анасының Грузияға келуіне көмектесуге тырысамыз, дейді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support