- Advertisement -

Шу ауданындағы мониторингтік топтар105 тәртіп бұзушылықты анықтады

79

- Advertisement -

Шу ауданы аумағында объектілердің қызметіне карантин кезеңінде бақылау жүргізетін 5 мониторинг топ құрылды, — деп хабарлайды Шу ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Арнайы мониторингтік топтар бүгінде тынымсыз жұмыс жүргізуде.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде мониторинг топтар бүгінгі күнге дейін 574 нысанды тексеріп, 105 тәртіп бұзушылықты анықтап отыр.

Оның ішінде: 71 нысанға ескерту беріліп, 11 нысанның жұмысы тоқтатылды.

23 нысанға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып сотқа жолданды. Оның ішінде: 3 хаттамаға сот айыппұл салу туралы шешім шығарды, 6 нысанға 3,1 млн тг айыппұл салынды.

Шу ауданы әкімдігі тұрғындардан сақтық шараларын сақтап, тәртіпке бағынуларын ескертуде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support