- Advertisement -

Жамбыл облысында жол-көлік оқиғалары азайды

91

- Advertisement -

Жамбыл облысы аумағында жол-көлік оқиғаларының саны айтарлықтай азайды, -деп хабарлады облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі.  

Жамбыл облысы аумағында карантин режимін енгізгеннен бері жол-көлік оқиғаларының саны 61 дерекке, ал жарақат алғандардың саны 102 адамға азайды. Оң үрдістің негізгі алғышарттары жолдардағы көлік санының қысқаруы, блокбекеттерді енгізу, полицейлердің автомобильдердің қозғалысын бақылауды күшейту сияқты факторлар болды. Жалпы, алты ай ішінде облыс аумағында 447 жол-көлік оқиғасы орын алып, 665 түрлі ауыр жарақаттар алды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ЖКО саны 25,3%-ға және жарақат алғандар саны 34%-ға азайды.

— Апаттардың санын азайту, жүргізуші тәртібінің деңгейін арттыру мақсатында есепті кезеңде «Автобус», «Қауіпсіз жол» және «Мотокөлік құралдарын қауіпсіз жүргізу» үш жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу барысында 2,5 мыңнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Патрульдік полиция қызметкерлері мен облыстық Департаменттің басқа да бөлімшелерінің қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 45 070 дерегін анықтап, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көбіне айыппұл жүргізушілердің жылдамдық режимін арттырғаны үшін салынады (7478 дерек), тағы 332 көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін ұсталған. Жаяу жүргіншілерде ережені сақтамайды, олар тіпті өлім жағдайына дейінгі орны толмас апатқа әкелетін белгіленбеген орындардағы жолды кесіп өтеді. Осындай тәртіп бұзушылық үшін 2467 адам жауапкершілікке тартылды, — деп атап өтті облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Исмаил Ибрагимов.

Қызмет сапасын арттыру және электрондық форматта құжаттама жасау үшін әрбір қызметкер планшетпен және жаңа қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілген. Өткен жылы Полиция департаменті басшылығының бастамасымен және облыс әкімінің қолдауымен он қызметтік автомашинаға апаттылықты төмендету және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстар мен басқа да құқық бұзушылықтарды ашу, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруға арналған «Арқан» мобильді кешендері сатып алынып, орнатылды. Бүгінде олар республикалық маңызы бар трассаларда екі ауысымда жұмыс істейді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support