- Advertisement -

Мәскеуден жеткен жинақ

58

- Advertisement -

Туған жерден жырақта өмір сүрудің өз қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Қиындығы дейтініміз, ол әрине елге, туған өлкеге деген жүректегі шексіз сағыныш. Қызығы болса, сол азаматтың бөтен жерде жүріп шарболаттай шыңдалатыны. Жиырма жылдан астам саналы ғұмырын Ресейдің Мәскеу шаһарында өткерген жерлесіміз, тараздық әуесқой суретші, ақын, композитор, білікті ұстаз, бүгінде зейнеткер Тұралы Мүсрепбеков ағамыз жуырда редакцияға қуанышты жаңалығымен бөлісуге келіпті. Қолында «Ақжүрек» атты жинақ бар. Туынды Мәскеу өңірлік «Қазақ тілі» қоғамының қолдауымен жарыққа шыққан екен. Қоғам төрағасы Әбуислам Тұрсынбаев тілдей хат жазып, жаңа шыққан еңбекті сыйлас ағасы Тұралы Исаұлына Мәскеуден аманаттап жолдапты. Жинақты құрастырған ҚР Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Серікқали Байменше. Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Кітаптың бас кейіпкері – марқұм, Қайдар Құрманбекұлы. Саналы ғұмырын жерінде өткерген. Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Алмасай ауылында дүниеге келген Қайдар Құмарбекұлының мамандығы – инженер-құрылысшы, жерасты құрылыстарын салу жөніндегі маман. Білікті маман 1950-1952 жылдары Мәскеу метрополитетінің («Комсомольская» метро станциясы) құрылысына қатысқан екен. Одан бөлек ол кісінің адамгершілік, азаматтық қасиеттерін қатар жүрген замандастары, іні-қарындастары үнемі айтып, жазып жүреді. Мұның біразы «Ақжүрек» жинағына да еніп отыр.
– Ресей қазақтары Қайдар ағамызды ерекше құрмет тұттық. Мен алғашында «Мәскеуде қазақтар жоқ-ау» деуші едім. Сонда бірінші танысқан қандасым Қайдар аға болды. Сөйтіп, жерлес, сырлас болып кеттік. Шығармашылығымның да бірінші сыншысы, тыңдаушысы, жанашыры еді асыл ағам. Ол кісі көзінің тірі кезінде Ресейдегі қазақ ұлттық қоғамдық ұйымдарының қалыптасуына зор еңбек сіңірді. Мәскеу қазақтарының «Мұрагер», «Қазақ тілі» қоғамдарын өзі құрды. «Мұрагер» қоғамының құрметті президенті болды. Ол кісінің бас болуымен Мәскеуде халқымыздың өнері мен салт-дәстүрін насихаттайтын көптеген ісшаралар ұдайы ұйымдастырылып тұратын. Сонымен қатар ол кісі орыс жерінде бүкілхалықтық Наурыз мейрамын жаңғыртуға үлкен еңбек сіңірді. Қайдар ағамыз атқарған осындай жарқын бастамалардың куәсі бола тұра, неге ағымнан ақтарылмайын деп, «Дәл сіздей адам, аға, қайда маған?!» деген естелігімді «Ақжүрек» жинағына мен де ұсынған болатынмын, – деді Тұралы Исаұлы.

«Aq jol-Aqparat».

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support