300-ден астам жәдігер бар

300-ден астам жәдігер бар
ашық дереккөз
300-ден астам жәдігер бар

Халықаралық музей күніне орай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесіне қарасты Тараз қалалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде орналасқан өрт сөндірушілер мұражайында онлайн-экскурсия өткізілді. Тікелей эфир арқылы өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімшесінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Аида Мырзабекова мұражай жәдігерлерімен таныстырды. Түсірілген бейнетаспа мен фотосуреттер сайт қолданушылар мен жазылушылардың назарына ұсынылды. Қазіргі таңда әр қызметтің өзіндік тарихынан сыр шертетін мұражайлар жұмыс істеп келеді. Соның бірі – облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты Өрт сөндіру мекемесінің Тараз қалалық №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде. Оның тарихы сонау кеңестік дәуірден бастау алады. Сол уақытта облыста бірнеше өрт сөндіру бөлімінің ашылуына ұйытқы болған ішкі қызмет полковнигі Исабай Ахметбековтің бастамасымен ашылған өрт сөндіру техникалық орталығы Тараз қаласының орталығынан орын тепкен. Кейіннен 2013 жылы жоғарыда аталған Тараз қалалық №15 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі халыққа қызмет көрсету мақсатында жаңадан ашылып, осы өрт сөндіру бөлімінен мұражай үшін арнайы орынжай қарастырылды. Ал сол кездегі облыстық өрт сөндіру мекемесі бастығының орынбасары, қазір облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Мақсат Қосыбаев сол кездегі департамент бастығы қызметін атқарған азаматтық қорғау полковнигі Марат Күлдіковке мұражайды қалыпқа келтіру туралы ұсыныс жасап, өрт сөндіру тарихын қамтитын жәдігерлерді облыс бойынша арнайы іссапарларға шығып жинақтап, қайта өңдеп, жаңартуға айтарлықтай үлес қосты. Мұражайда өрттің шығуына себепші болған ескі электр құралдарынан бастап, сонау «Қазан төңкерісі» тұсындағы өрт сөндіру үшін пайдаланылған арбалар, су тартып шығару сорғылары, түрлі тарихи тұлғалар мен сол замандағы техникалардың, оқу-жаттығулардың фотосуреттері, тіпті Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ел игілігі үшін қызмет атқарған өрт сөндірушілердің де фотосуреттері қойылған. Айта кететін жайт мұнда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолынан облыс бойынша тұңғыш рет «Ерлігі үшін» медалін алған Қанат Жаныспаев және 2015 жылы Қаратау қаласындағы Қазпошта ғимаратындағы өртті сөндіру кезінде ерлікпен қаза тапқан, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Ержан Ахметовпен өзге де батырлардың фотосуреттері, 300-ден астам мұражай жәдігері бар.

«Aq jol-Aqparat».

Ұқсас жаңалықтар